21.12.2015, 15:06 3602

ҚР Қарулы Күштерініӊ аттестатталу қорытындысы офицерлер құрамын күшейтеді

Қазақстан Қарулы Күштері офицерлер құрамы аттестатталуыныӊ түпкілікті қорытындысы шығарылды. 100% аттестаттаудан өткендердіӊ 97,4 % өздерініӊ атқарып отырған лауазымдарына сай келуін растады.

Астана. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Қарулы Күштері офицерлер құрамы аттестатталуыныӊ түпкілікті қорытындысы шығарылды. 100% аттестаттаудан өткендердіӊ 97,4 % өздерініӊ атқарып отырған лауазымдарына сай келуін растады. Оныӊ ішінде ҚР ҚК офицерлерініӊ 30,3% аттестаттау қорытындысына сәйкес жоғары әскери лауазымдарға ілгерілетілді, 21,8 % оқуға жіберуге ұсынылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл ретте шамамен офицерлердіӊ 1,9% төмен лауазымдарға ауыстырылады, ал тағы 0,7 % запасқа босатылады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

ҚР ҚМ Кадрлар департаментінде түсіндіргендей ағымдағы аттестаттау 2012 жылы өткізілген аттестаттаумен салыстырғанда ерекшеленеді. Біріншіден, 2015 жылы аттестаттау кіші кезеӊдерге бөлінді. Екіншіден, санаттар бойынша қараудыӊ нақты мерзімдері белгіленді.

Қазақстандық армияда офицерлер корпусыныӊ аттестатталуы әр үш жыл сайын өткізіледі. Бұл өзіндік қайта емтихан тапсыру, оныӊ мақсаты кадрлық саясаттыӊ осал тұстарын айқындау, әр офицердіӊ кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін, әлеуетін, оныӊ атқарып отырған әскери лауазымға сай келуін анықтау болып табылады. Жаӊа анағұрлым күрделі кәсіби тапсырмаларға әзір дарынды офицерлер үшін аттестаттау мансаптық саты бойынша ілгерілеу мүмкіндігі.

Қайта емтихан тапсыру кіші офицерлер құрамынан жоғары құрамға дейін армияныӊ барлық офицерлер корпусын қамтиды. Искери оқу орындарыныӊ тыӊдаушылары, аттестаттау өткізілген жылы оқуды тәмамдаған түлектер, аттестаттау жылында қызметке орналасқан, әскери қызметте болуда шекті жасқа жеткен және жарамсыз немесе шектеулі жарамды болып танылған офицерлер, сондай-ақ аттестаттау жылында "лейтенант" алғашқы офицерлік әскери атақ берілген офицерлер, жүктілік, бала күту демалысы немесе аттестаттау кезінде осы демалыстан кейін қызметке кіріскен оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған офицерлер аттестаттауға тартылмайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны