07.10.2015, 18:41 3940

ҚР Қарулы Күштерініӊ офицерлері қайта емтихан тапсырудан сәтті өтті

ҚР ҚК ҚИ "Астана" өӊірлік қолбасшылығыныӊ әскерлерінде офицерлер құрамыныӊ аттестатталуы аяқталды. Шамамен аттестатталушыныӊ 97 %-ы қайта емтихан тапсырудан сәтті өтті және атқарып отырған лауазымдарына сәйкес келуін растады

Астана. 08 Қазан. Kazakhstan Today - ҚР ҚК ҚИ "Астана" өӊірлік қолбасшылығыныӊ әскерлерінде офицерлер құрамыныӊ аттестатталуы аяқталды. Шамамен аттестатталушыныӊ 97 %-ы қайта емтихан тапсырудан сәтті өтті және атқарып отырған лауазымдарына сәйкес келуін растады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қолбасшылықта атап өткендей, аттестаттаудан сәтті өткен офицерлер жоғары әскери лауазымдарға ілгерілету, сондай-ақ 2015-2017 жылдары әскери жоғары орындарына оқуға жолдану үшін резервке енгізілді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Жақында ғана "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығыныӊ бөлімдерінде де аттестаттау аяқталды. Емтихан тексерісіне 1 670 офицер тартылды. Нәтижесінде 40%-ы өздерініӊ білімін, әскери дағдысын растады және жоғары лауазымдарға резервке енгізілуге ұсынылды. Қалған 60%-ы кіші буын командирлері ретінде өздерініӊ біліктіліктерін растап, барлық сынақтар мен емтихандарды сәтті тапсырды.

Қазақстанныӊ Қарулы Күштеріндегі аттестаттау міндетті түрде үш жылда бір рет өткізіледі. Оныӊ негізгі міндеті - әрбір сардардыӊ кәсіби, іскери және жеке қасиеттерін, әлеуетті мүмкіндіктерін айқындау болып табылады. Аттестаттау әскери қызметшілердіӊ атқарып отырған лауазымдарына сәйкес келуін, олардыӊ әрі қарайғы әскери қызметініӊ болашағы мен мансаптық өсуін, даярлауды (қайта даярлауды), оқытуды жетілдіру қажеттілігін анықтайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны