09.04.2008, 15:35 3103

ҚР Қаржы министрлігі Қазақстанда банкроттық және дағдарыспен күрес басқармасы саласында мамандардың қоғамдық бірлестігін құруды ұсынып отыр(толықтырылған нұсқа)

ҚР Қаржы министрлігі Қазақстанда банкроттық және дағдарыспен күрес басқармасы саласында мамандардың қоғамдық бірлестігін құруды ұсынып отыр(толықтырылған нұсқа)

Астана. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Қаржы министрлігі Қазақстанда банкроттық және дағдарыспен күрес басқармасы саласында мамандардың қоғамдық бірлестігін құруды ұсынып отыр. Бұл туралы бүгін " Дағдарыспен күрес басқарушылардың ролі мен орны және банкроттық институтын жетілдіру" мәселесіне арналған дөңгелек үстелінде ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Инуарбек Сұлтанғазин құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біздің елімізде банкроттық институттары 10 жыл бұрын ашылғанымен осы уақыт аралығында конкурстық бейімдеу басқарушылары жеке дара жұмыс істеп, өзінің тәжірибесіне ғана сүйеніп өкілетті органның қолдауымен жұмыс істеуде ", - деді И. Сұлтанғазин.

"Меніңше, банкроттық саласы бойынша жұмыс істейтін мамандардың бастарын қосып, қоғамдық ұйым құру керек. Сол арқылы Қазақстандағы басқарушылардың тәжірибесі мен жұмыстарын біріктіріп, банкроттық туралы заңнамасын жүзеге асырып, дағдарыспен күрес жөніндегі басқарушылардың қызметін реттейтін болады ", -деп ойын жалғастырды ол.

Оның пікірі бойынша бұл қоғамдық ұйым "елде дағдарысты басқарудың заманауи жүйесін құрудың тиімді механизмі болар еді. Сондай-ақ, дағдарысты жою жөніндегі басқармасының сапалы нарығын құруға, осы сала бойынша түрлі билік органдарының нормативтік құжаттарды пайдалану және дайындау мәселелері бойынша мамандарын даярлауға болады ".

"Мұндай ұйым аттестациядан өткізу, дағдарыспен күрес басқарушыларын қайта даярлау және оқыту мәселелерімен айналысып қана қоймай, басқарушылар және олардың қызметіне көңілдері толмайтындар арасындағы текетірестерді шешетін болады ", - деп атап өтті Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы.

И. Сұлтанғазиннің мәліметтері бойынша, қаржы министрлігінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті бүгінгі күні дәрменсіз борышкерлердің ісін жүргізу мен мүлкін басқару жөніндегі қызметті атқаруға 1890 лицензия берді.

Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы айтқанындай, жүргізіліп жатқан әкімшіліктік реформалар аясында дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің бірқатар міндеттерін дағдарыспен күрес жөніндегі қоғамдық бірлестігіне жүктеу жоспарланып отыр. Бұл оның ролі мен маңыздылығын арттырады".

И. Сұлтанғазин атап өткеніндей, жоспар бойынша қаржы министрлігі тарапынан құрылатын қоғамдық ұйым, бірінші кезеңде сыртқы бақылау үйлестірушілерін, конкурстық бейімдеу басқарушылардың тіркеу есебін жүргізу, кәсіби сертификаттарды беру және оқыту, сондай-ақ борышкерлердің банкроттық процедуралары мен мүлкін басқару жөніндегі лицензиясы бар тұлғаларға аттестация жүргізу сияқты міндеттерді атқаратын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны