24.08.2006, 17:28 3198

ҚР қаржы министрлігіне мүлікті заңдастыру жөнінде 453 арыз түскен

АСТАНА. 24 тамыз . Kazakhstan today. 22 тамыздағы жағдайға сәйкес, қаржы министрлігіне жалпы сомасы 185,7 млн. теңгенің мүлкін заңдастыруға 453 арыз келіп түскен. Бұл жөнінде Kazakhstan today агенттігіне аталған ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз хабарламасында көрсетілгендей, "Ауыл шаруашылығы техникасының құны 75,2 млн. теңгені құрады, оның ішінде мүлікті заңдастыруға алынатын төлемнен босатылғандары - 71,3 млн. теңге және заңдастырылған қаражат- 101,7 млн. теңге болды".

Жалпы, 288 арыз бойынша мүлік заңдастырылса , 24 арыз кері қайтарылған, қалған өтініштер әлі қаралуда.

Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша, мүлікті заңдастырудан түскен түсім 26,3 млн. теңгені құрайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны