29.07.2015, 17:46 3351

ҚР ҚК 1 100 астам әскери қызметшісін тегін санаторлық-шипажайлық ем-доммен қамтамасыз етеді

Осы жазда 1 125 әскери қызметші және ҚР ҚК қолданыстағы зейнеткерлері отандық шипажайларда денсаулықтарын қалпына келтіре алады. Маусым-шілде айларында олардыӊ 385-і сауықтыру курсынан өтті.

Астана. 29 Шілде. Kazakhstan Today - Осы жазда 1 125 әскери қызметші және ҚР ҚК қолданыстағы зейнеткерлері отандық шипажайларда денсаулықтарын қалпына келтіре алады. Маусым-шілде айларында олардыӊ 385-і сауықтыру курсынан өтті. Қалғандары тамыз және қыркүйекте ем қабылдау демалысына баруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тегін санаторлық-шипажайлық емдеу Қазақстандағы әскери қызметшілер үшін қарастырылған кепілді медициналық қызметтер пакетіне кіреді. Оны медициналық көрсетілімі бар әскери қызметшілер, әскери оқу орындарыныӊ курсанттары, мерзімді қызметтегі сарбаздар ала алады. Көбінесе ауру-сырқау, жарақат немесе хирургиялық операциядан кейін ем қабылдайды. Денсаулықтарын тегін қалпына келтіруге Қазақстан Қарулы Күштерініӊ қолданыстағы зейнеткерлері де құқылы. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Біз сауықтыру-оӊалту, посттравматикалық немесе постоперациялық қалпына келтіруге мұқтаж әскери қызметшілердіӊ есебін ұдайы жүргізіп отырамыз. Осы есептен санаторийге жолданатындардыӊ тізімін құраймыз, ал жазғы кезеӊ басталысымен адамдар ем-дом қабылдауға жолданады", - деп түсіндірді ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасында.

Бүгінгі таӊда әскери қызметшілерімізді үш қазақстандық шипажай қабылдайды. Ол Қостанайдағы "Сосновый бор", Щучьедегі "Зеленый бор" және Қапшағай су қоймасыныӊ солтүстік жағалауындағы "Алтынемел". Барлық үш шипажай табиғаты көркем жерлерде орналасқан және сауықтыру ем-шараларыныӊ жақсы жиынтығыныӊ арқасында сұранысқа ие. Панталық, теӊіз және қылқан жапырақ бұлаулары, лазер терапиясы, балшықпен емдеу, ингаляция, емдік уқалау, балауызбен емдеу және тағы басқа ем-шаралар.

Өткен үш жыл ішінде мұнда 2 000-нан астам әскери қызметші санаторлық-шипажайлық ем алғанын атап өткен жөн.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны