15.09.2015, 12:25 4275

ҚР ҚК ИҚК әскери авиациясы "Жауынгерлік достастық-2015" оқу-жаттығуына қатысуды бастады

Шымкент авиациялық базасында Жетіген елді мекенініӊ әуеайлағына Су-25 және МиГ-29 ұшақтарыныӊ алмасуы орындалды

Астана. 15 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Шымкент авиациялық базасында Жетіген елді мекенініӊ әуеайлағына Су-25 және МиГ-29 ұшақтарыныӊ алмасуы орындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алмасу мақсаты "Сарышаған" әскери полигонында өткізілетін "Жауынгерлік достастық-2015" ТМД әуе шабуылына қарсы қорғаныс біріккен жүйесі шеӊберінде жауынгерлік атысы бар бірлескен оқу-жаттығуларға авиацияныӊ қатысуы. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Су-25 және МиГ-29 ұшақтары өзініӊ сипаттамалары бойынша әлемдегі үздік ұшақтар қатарында тұр, ал оларды жеке алғанда баламалары жоқ.

Олардыӊ атыс қуаты, жоғары дәл қаруды қолдану қабілеттілігі барлық өткізілетін тактикалық оқу-жаттығуларда көрсетілді.

Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес ИҚК Искери-әуе күштері әскери бөлімдерініӊ ұшу құрамы жерүсті және әуе нысаналары бойынша жоғары дәл қаруды қолдана отырып, практикалық оқ атуларды орындайды.

Майдандық авиация зымырандарыныӊ іске қосылуы әуе атыстарыныӊ нақты белгілі бір ауданында жүргізілетін болады. Ұшқыштардыӊ әрқайсысына шартты қарсыластыӊ нысанасын айқындап, жою күтіп тұр.

Маӊдайшептік авиация күндізгі және түнгі жағдайларда әуе нысаналары бойынша жұмыс істейді. Жауынгерлік оқ атуларды ұшқыштар жеке дара және жұп құрамында орындайды. Иуе нысаналары ретінде жарқырағыш авиациялық бомбалар қолданылады.

Оқу-жаттығуға жоғары білікті ұшқыштар тартылған. Ұшуларды жалпы басшылыққа алуды Иуе қорғанысы күштері бас қолабсшысыныӊ орынбасары полковник Тұралы Қойшықұлов жүзеге асырады.

Қарағанды облысында "Сарышаған" әскери полигонында "Жауынгерлік достастық-2015" ТМД әуе шабуылына қарсы қорғаныс біріккен жүйесі шеӊберінде өтетін жауынгерлік атысы бар бірлескен оқу-жаттығулар қыркүйектіӊ аяғында аяқталатынын естеріӊізге сала кетейік.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны