09.07.2015, 20:15 3573

ҚР ҚК арнайы мақсаттағы бөлімшелері: сәтті түсірілген сюжет - бұл да біздіӊ қаруымыз

Бүгін Қарағанды облысына қарасты "Спасск" оқу-жаттығу орталығында "Искери дискурс" семинары аясында заӊсыз бандқұралымдардыӊ өкілдері орналасқан елді мекенді тазарту жүргізілді.

Астана. 09 Шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Қарағанды облысына қарасты "Спасск" оқу-жаттығу орталығында "Искери дискурс" семинары аясында заӊсыз бандқұралымдардыӊ өкілдері орналасқан елді мекенді тазарту жүргізілді. Аталған жерде КАМАЗ және "Ровер" автомашиналарында арнайы мақсаттағы екі топ жұмыс істеді. Искери қызметшілермен бірге бұл шартты операцияға республикалық БАҚ-тыӊ жетекші журналистері мен блогерлері қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ауыр броньды кеудешелер мен каскалар киіп және өздерініӊ басты қаруымен яғни, бейнекамера және микрофондармен қаруланған операторлар мен тілшілер нағыз жауынгерлермен ілесіп елді мекенді тазартуға қатысты.

Сценарий бойынша ол жерге заӊсыз бандқұралымдардыӊ өкілдері орныққан болатын. Искерилер мен операторлар тасаларда орналасқан лаӊкестердіӊ оқшашарлардан жаудырған оғына тап болды. Техниканыӊ тасалауында шабуыл жалғасын тапты. Олар өздерініӊ қозғалыстарын түтінменбүркемелеп, ғимаратқа боратылған оқты тасаланып шегінді. БАҚ өкілдерініӊ алдында маӊызды тапсырманы орындау яғни, шынайыға жақындатылған жағдайларда арнайы операциялар кезінде өздерініӊ іс-қимылдарын пысықтауды үйрену қажет болды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Арнайы мақсаттағы жауынгерлердіӊ айтуынша шабуылдауға және операторлар болып баратын жауынгерлер арасындағы үйлесімділік маӊызды. БАҚ өкілдері міндетті түрде нұсқамаданөтуі тиіс, олардыӊ қауіпсіздігіне жауап беретін және қалқалайтын әскери қызметшілер бекітіледі.

"Кейде шабуыл жүргізген бөлімшеге емес, белгілі бір сюжет пен қандай да бір сөздерге көп нәрсе тәуелді. Сәтті түсірілген сюжет - бұл да біздіӊ қаруымыз", - деді әскери қызметшілер.

"Біз микрофонныӊ батарейкаларын, аяқ киімдерімізді жоғалттық, сол сәтте еш нәрсені ойлауға шамамыз келмеді. Осы процестіӊ еліктіргені соншалықты еӊ бастысы әскерилер айтқан бағытты ұстап, айтқандарын істеу бастысы болды. Ешқандай стендапты жазуға мұрша болған жоқ, себебі, шындап келгенде бұныӊ барлығы "шоу" екенін түсінсек те. бұл жағдайда бар ойымыз өз өмірімізді сақтауға жұмыс атқарды. Алайда, бұл үлкен тәжірибе болды" - деп семинарға қатысушы "Хабар" телеарнасыныӊ тілшісі Руслан Ыдырысов алған әсерлерімен бөлісті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны