17.09.2015, 17:12 4307

ҚР ҚК әскери қызметшілері АҚШ-тыӊ әскери жоғары оқу орнында білім алады

Астанадағы ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс унвиерситеті және Алматыдағы Құрлық әскерлері Искери институтыныӊ "Бейбітшілік үшін серіктестік" оқу орталығыныӊ базасында ҚР ҚК әскери қызметшілерініӊ тіл дайындығы курстары ұйымдастырылды

Астана. 17 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанадағы ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс унвиерситеті және Алматыдағы Құрлық әскерлері Искери институтыныӊ "Бейбітшілік үшін серіктестік" оқу орталығыныӊ базасында ҚР ҚК әскери қызметшілерініӊ тіл дайындығы курстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазіргі уақытта мұнда 34 адам оқып жүр. Курстар IMED халықаралық тіл бағдарламасы аясында өткізіледі және алты айға есептелінген. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Ағылшын тілініӊ бастапқы деӊгейлерін сәтті меӊгерген тыӊдаушыларға АҚШ-та оқуды жалғастыру мүмкіндігі беріледі. Техас штатыныӊ тілдер әскери институты әскери мамандықтар бойынша дифференциялаумен ағылшын тілін тереӊдетіп оқытуды ұсынады.

ҚР ҚМ Білім және ғылым департаментініӊ ақпараты бойынша іріктеу жылына екі рет жүргізіледі, тіл курстары әскери қызметшілерге, мәселен, елдіӊ жарақтандыруына түсетін әскери техниканы игеру кезінде қажет.

Өткен жылы IMED бағдарламасы бойынша өздерініӊ ағылшын тілі бойынша білімін 70-ке жуық адам жақсартты. Олардыӊ біршамасы кейін штаттарға оқуға жіберілді. АҚШ-тан басқа, тіл дайындығын жалғастыру үшін әскери қызметшілерге Ұлыбритания, Канада, Үндістан, Пәкістан, Испания және Францияныӊ оқу орындары ұсынылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны