13.07.2015, 12:39 3664

ҚР ҚК әскери қызметшілері "Достастық жауынгері" халықаралық байқауына қатысу мүмкіндігі үшін сайысқа түсуде

Бүгін 40-ншы Отар әскери базасында "Достастық жауынгері" халықаралық байқауына қатысушыларды іріктеу кезеӊі басталды. Іріктеу төрт сайыс күнін қамтиды және бес негізгі кезеӊдерден тұрады.

Астана. 13 Шілде. Kazakhstan Today - Бүгін 40-ншы Отар әскери базасында "Достастық жауынгері" халықаралық байқауына қатысушыларды іріктеу кезеӊі басталды. Іріктеу төрт сайыс күнін қамтиды және бес негізгі кезеӊдерден тұрады. Жарыстыӊ нәтижелері бойынша еӊ мықты, еӊ шыдамды және білімді деген әскери қызметшілер анықталып, халықаралық байқауда Қазақстанныӊ және біздіӊ армияныӊ намысын қорғайтын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бірінші кезеӊ - "Кәсіпқой" жарысы. Бұл жерде қатысушылардыӊ кәсіби-лауазымдық білімі және іс жүзіндегі машықтанған дағдылары бағаланады. Жауынгерлік даярлықтыӊ бірнеше жаттығуларын, атап айтсақ, АРД кедергі сызығы, жалпы әскери қорғаныс кешенін кию, суық қаруды лақтыру, атыс жаттығуларын орындау ұсынылады. Екінші кезеӊ - "Атлет" - әскери қызметшілердіӊ дене даярлығын тексеру болып табылады. Үшінші кезеӊде қатысушылар АК-74 автоматымен жұмыс істеу ептілігін көрсетеді (уақытты және түрлі жағдайлар мен атыс кезінде оқ-дәрілердіаз ғанашығындай отырып жоғарғы жауынгерлік мүмкіндіктерді пайдалану). Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Соӊғы екі кезеӊде қатысушылар ҰОС жылдарындағыәскери тарих, кеӊес жауынгерлерініӊ даӊқы және жауынгерлік ерлігі, ТМД елдерармияларыныӊ дәстүрлері, халықаралық гуманитарлық құқық нормалары туралы білімін тестілеу бойыншаіріктеуден өтеді. Содан кейін әскери қызметшілер сөз сөйлеу, әдеби-көркемдік, вокальдық және би жанры аясында өнерлерін көрсетеді. Олар батырлық-патриоттық тақырыпта (Қазақстан Қарулы Күштерініӊ қатарындағы қызметі, достық және жауынгерлік жолдастық, Отанға деген сүйіспеншілігі, біздіӊ батырлар) нөмір даярлайды.

Қатысушылар бір ай бойы тәжірибелі нұсқаушылардыӊ басшылығымен мықты даярлықтан өтіп, 2015 жылдыӊ 17-25 шілдесі аралығында "Достастық жауынгері" халықаралық байқауына қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны