11.11.2015, 17:35 4179

ҚР ҚК әскери полициясы және ішкі істер органдары бірлесіп мамандарды дайындайды

Оқу сұрақтарындағы өзара іс-қимыл, кейбір оқу пәндері бойынша оқытушымен алмасу, инновациялық оқу әдістерінде тәжірибе алмасу, бірлескен мәдени-спорттық іс-шараларды өткізу, бұл барлық уағдаластыққа ҚР ІІМ оқу-жаттығу орталығыныӊ оқытушы офицерлері және басшылығымен әскери полиция мамандарын даярлау орталығы өкілдерініӊ кездесуі барысында қол жеткізілді

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - Оқу сұрақтарындағы өзара іс-қимыл, кейбір оқу пәндері бойынша оқытушымен алмасу, инновациялық оқу әдістерінде тәжірибе алмасу, бірлескен мәдени-спорттық іс-шараларды өткізу, бұл барлық уағдаластыққа ҚР ІІМ оқу-жаттығу орталығыныӊ оқытушы офицерлері және басшылығымен әскери полиция мамандарын даярлау орталығы өкілдерініӊ кездесуі барысында қол жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Себебі, екі оқу-жаттығу орталығыныӊ қызметі оқыту әдістері және пәндері бойынша ұқсас, өзара іс-қимыл ҚР ҚК әскери полиция мен ішкі істер органдарыныӊ мамандарын даярлау сапасын арттыруға және проблемалық тұстарды жоюға мүмкіндік беретіні туралы кездесуге қатысушылардыӊ ойы бір жерден шықты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Искери полиция мамандарын даярлау орталығыныӊ басшылығы қатысушыларды ҚР ҚК әскери полция органдарыныӊ құрылу тарихымен, олардыӊ дамуы және Қазақстанныӊ Қарулы Күштері үшін маӊыздылығымен, сондай-ақ әскери полиция мамандарын даярлау орталығыныӊ қызметімен, оқу бағдарламаларымен, оқыту тәртіптері және даму перспективаларымен таныстырды.

Аталған орталық 16 жылдан астам қызмет етіп келе жатқанын айта кеткен жөн. Оқу барысында әскери полиция бөлімдері мен бөлімшелерініӊ болашақ мамандары лауазымдық міндеттерді орындау, қаруды, техникалық және арнайы құралдарды, криминалистік техниканы қолдану, дене төзімділігі мен саптық жинақылықты жетілдіру бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыны игеруде.

Жыл сайын орталық шамамен 150-200 адамды шығарады, оныӊ ішінде 100-120 адам ҚР ҚК әскери полиция органдарына қызмет етуге алғаш келгендер болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны