30.07.2015, 14:10 3466

ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштерініӊ әскери қызметшілері 30 литрге жуық донорлық қан тапсырды

ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасы, 657-қамтамасыз ету комендатурасы және 21140-Б әскери бөлімініӊ әскери қызметшілері донорлық қан тапсыру бойынша қайырымдылық акциясын өткізді. Жалпы, шамамен 30 литрге жуық қан тапсырылды

Астана. 30 Шілде. Kazakhstan Today - ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасы, 657-қамтамасыз ету комендатурасы және 21140-Б әскери бөлімініӊ әскери қызметшілері донорлық қан тапсыру бойынша қайырымдылық акциясын өткізді. Жалпы, шамамен 30 литрге жуық қан тапсырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Акцияны ұйымдастыру әскери қызметшілердіӊ қан тапсыру ісіне өздерініӊ үлесін қосу және қазіргі уақытта донорлық қанға зәру адамдарға көмектесу ықыласын білдіру. Мұндай іс-шаралар қалыптасқан ахуалды өзгерту үшін Қазақстан Қарулы Күштерінде он жылдан астам уақыт бойы жарты жылда бір рет өткізіліп тұрады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Трансфузиология республикалық ғылыми-өндірістік орталығы дәрігерлерініӊ айтуынша қан тапсыру донор үшін ешқандай зиянды салдары жоқ. Керісінше, қанныӊ белсенді жаӊаруына, жүрек тамыр жүйесі мен ішкі мүше жұмысыныӊ жақсаруына ықпал етеді.

Ғаламшардыӊ әртүрлі бұрышында минут сайын жиі қан алмастыру қажеттілігімен байланысты ауру-сырқауға шалдыққан мыӊдаған адам қанныӊ жетіспеушілігінен қайтыс болып жатады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны