10.06.2015, 15:33 3632

ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштерініӊ әскери қызметшісіне "Достастық жауынгері" атағы берілді

78639 әскери бөлімініӊ базасында ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштеріне қарасты әскери бөлімдердіӊ келісімшарт бойынша әскери қызметшілері арасында "Достастық жауынгері" атты әскери-кәсіби шеберлік сайысыныӊ қорытындысын шығарды

Астана. 10 Маусым. Kazakhstan Today - 78639 әскери бөлімініӊ базасында ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштеріне қарасты әскери бөлімдердіӊ келісімшарт бойынша әскери қызметшілері арасында "Достастық жауынгері" атты әскери-кәсіби шеберлік сайысыныӊ қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атап айтсақ, жарысқа барлығы 30 әскери қызметші қатысты. Бірінші кезеӊде олар спорттық пәндерден, оқ ату даярлығы мен кәсіби шеберліктен сайысқа түсті. Ал екінші кезеӊде әскери тарих, құқықтану және шығармашылық (эстрада әндерін айту, би билеу) ауқымында өздерініӊ білімдерін көрсетуі қажет болды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бұл байқауда Иуе қорғанысы күштерініӊ бас қолбасшылығына қарасты 657-ші қамтамасыз ету комендатурасыныӊ әскери қызметшісі кіші сержант Зарина Ибдиеваға қазылар алқасыныӊ шешімімен бірінші орын берілді. Осы орайда Заринаны байқаудағы жеӊісі үшін мерзімінен бұрын "сержант" кезекті әскери атағына ұсынды.

"Мені қолдаған адамдарға алғысымды білдіремін. Қатты уайымдағаным соншалық, нәтижесі осындай болады деп ойламаппын. Барлық ұжымға және мені осы байқауға қатысу үшін үміткерлер тізіміне ұсынған тікелей бастығыма үлкен рахмет айтамын", - деп қуанышымен бөлісті жеӊімпаз қыз.

Иуе қорғанысы күштерініӊ басшылығынан жүлделі орындарға ие болған қатысушылар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен наградталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны