20.01.2015, 14:40 4282

ҚР ҚК әуе қорғанысыныӊ жауынгерлік дайындығын жоспарлы тексеру басталды

ИҚК бас қолбасшысыныӊ басшылығымен кешенді комиссия Боралдай және Жетіген елді мекендері аумағында орналасқан Алматы горнизоныныӊ әскери бөлімдерін тексерді

Алматы. 20 қаӊтар. Kazakhstan Today - Осы аптадан бастап ИҚК бас қолбасшысы, авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетовтіӊ басшылығымен Үшарал және Алматы горнизондарында жоспарлы жұмыс тексерісі басталды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ИҚК бас қолбасшысыныӊ басшылығымен кешенді комиссия Боралдай және Жетіген елді мекендері аумағында орналасқан Алматы горнизоныныӊ әскери бөлімдерін тексерді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Бүгін комиссия Үшарал горнизонына барады. Олар әскери қызметшілердіӊ жауынгерлік дағдыларын, бөлімшелердіӊ ретке келтірілгендігін және олардыӊ тағайындау бойынша міндеттерді орындауға әзірлік деӊгейін тексеріп, бағалайды.

Еске салсақ, жоспарлы жұмыс тексерісі апта соӊына дейін жалғасады. Ол аяқталысымен әскери қызметке дайындық және әскери тәртіпті нығайту бойынша әдістемелік ұсыныстар беріледі, сондай-ақ әскери бөлімдер командирлері мен жекелеген радиотехникалық батальондарыныӊ командирлеріне қажетті көмек көрсететін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны