15.10.2015, 20:29 3623

ҚР ҚК екі офицері Батыс Сахарадағы БҰҰ-ныӊ миссиясынан Қазақстанға оралды

Қазақстан Қарулы Күштерініӊ екі сардары БҰҰ-ныӊ миссиясынан оралды. Капитан Темірлан Мүсәпіров пен майор Бақтияр Ақбалаев Батыс Сахарада (MINURSO) референдум өткізу бойынша Біріккен ұлттар ұйымыныӊ миссиясына қатыса отырып, әскери бақылаушылар ретінде 30-дан аса елдіӊ өкілдерімен қатар тура бір жылдарын африкалық елде өткізді

Астана. 15 Қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Қарулы Күштерініӊ екі сардары БҰҰ-ныӊ миссиясынан оралды. Капитан Темірлан Мүсәпіров пен майор Бақтияр Ақбалаев Батыс Сахарада (MINURSO) референдум өткізу бойынша Біріккен ұлттар ұйымыныӊ миссиясына қатыса отырып, әскери бақылаушылар ретінде 30-дан аса елдіӊ өкілдерімен қатар тура бір жылдарын африкалық елде өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Искери қадағалаушыларға қойылатын талаптарды мінсіз және үлгілі орындағаны үшін бітімгершілік миссияны орындау барысында офицерлер БҰҰ-ныӊ медальдарымен марапатталды. Қазір үйлеріне оралып, капитан Темірлан Мүсәпіров пен майор Бақтияр Ақбалаев ҚР ҚК-дегі өздерініӊ қызметтеріне кірісіп те кетті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қазіргі уақытта әскери бақылаушылар ретінде БҰҰ-ныӊ бітімгершілік миссияларында жеті қазақстандық сардар қызмет өткеріп жатқанын айта кеткен жөн. Атап айтсақ, бесеуі Батыс Сахарасында (MINURSO) және екеуі Кот-д Ивуарда (UNOCI).

Жалпы алғанда, Қазақстан Батыс Сахарасындағы, Кот- д'Ивуардағы, Гаити мен Либериядағы БҰҰ-ныӊ әрбір миссиясына бес офицерге дейін жолдауға әзір.

БҰҰ-ныӊ мандатына сәйкес әскери бақылаушылардыӊ негізгі міндеттері жерүсті және әуеден патрульдеуді, түнгі бақылау бекетін ұйымдастыру мен өткізуден, алынған ақпаратты жинау және сараптаудан, қол қойылған келісімдердіӊ сақталу және орындалу мониторингісінен, сондай-ақ жауапкершілік аймағында бұзушылықтарды айқындаудан тұрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны