11.05.2016, 16:14 4360

ҚР ҚК Құрлық әскерлерініӊ әскери қызметшілері Армия ойындары байқауыныӊ соӊғы кезеӊдерінен өтті

ҚР Қарулы Күштерініӊ Құрлық әскерлерінде іріктеу сайысы аяқталды. Онда Ресей Федерациясы мен Қазақстанныӊ аумағында өткізілетін 2016 жылғы Армия халықаралық ойындарына қатысу үшін үздік командалар анықталды

Астана. 11 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Қарулы Күштерініӊ Құрлық әскерлерінде іріктеу сайысы аяқталды. Онда Ресей Федерациясы мен Қазақстанныӊ аумағында өткізілетін 2016 жылғы Армия халықаралық ойындарына қатысу үшін үздік командалар анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2016 жылғы ақпанныӊ 1-і мен наурыздыӊ 25-і аралығында ҚР ҚК Құрлық әскерлерініӊ оқу-жаттығу полигондарыныӊ аумақтарында Армия ойындарында байқауларды өткізуге тас жолдарды, нысандар мен кедергілерді дайындау өткізілген болатын, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Бірінші кезеӊ ішкі іріктеу болды. Оған 300 бірлік әскери техника тартылды және 6000-ға жуық әскери қызметші қатысты. Екінші кезеӊ өӊірлік қолбасшылықтар арасында өткізілді. Іріктеу сайысы барысында 2100 әскери қызметші және 200-ге тарта бірлік әскери техника қатысты. Үшінші кезеӊ Құрлық әскерлері шеӊберінде аяқталды. Оған шамамен 120 бірлік әскери техника тартылды және 1000-ға жуық әскери қызметші қатысты.

ҚР ҚК Құрлық әскерлерініӊ барлық бөлімшелері жарысты 16 байқау бойынша аяқтады.

Бұл "Танк биатлоны", "Мерген шебі", "Десанттық взвод", "Артиллериялық атыс шеберлері", "Искери-медициналық эстафета" және тағы басқа байқаулар.

Ирбір байқау бірнеше кезеӊ бойынша өтті. Онда барлық қатысушылар әртүрлі кедергілерді еӊсерді, қойылған тапсырмаларды орындады және өздерініӊ жауынгерлік даярлықтарын паш етті. Барлық өткізілген байқауларда қатысушы жеӊімпаздар анықталды.

Осы аптада сайыстыӊ халықаралық кезеӊіне дайындық басталады. Ал үздік әскери қызметшілер тартысты Ресей Федерациясында жалғастырады. Ондағы дүбірлі додада қарсыластары отандастары емес, шетел армиясыныӊ әскерилері болмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны