11.06.2015, 13:30 4491

ҚР ҚК офицерлер құрамы жас лейтенанттармен толықтырылды

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ офицерлер құрамы жас лейтенанттармен толықтырылды. Төрт қазақстандық курсант Бауыржан Бақытжанұлы, Самат Дербісәлиев, Ернат Рысболат, Ирсен Жақсыбаев Ярослав әуе шабуылына қарсы қорғаныс жоғары зениттік-зымырандық училищесінде білім алып, қазіргі таӊда біздіӊ армия қатарын толықтыру үшін Қазақстанға оралды

Астана. 11 Маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ офицерлер құрамы жас лейтенанттармен толықтырылды. Төрт қазақстандық курсант Бауыржан Бақытжанұлы, Самат Дербісәлиев, Ернат Рысболат, Ирсен Жақсыбаев Ярослав әуе шабуылына қарсы қорғаныс жоғары зениттік-зымырандық училищесінде білім алып, қазіргі таӊда біздіӊ армия қатарын толықтыру үшін Қазақстанға оралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігіні тілшісі.

"Біз барлығымыз офицерлік иықбелгіні алып, Қазақстанныӊ Қарулы Күштерінде қызмет жасауға кірісуді және қазақстандық армияныӊ офицерлерімен бір қатарға тұруды тағатсыздана күттік. Мен алған білімімді қолдана отырып, біздіӊ армияда абыроймен қызмет атқарамын, туған-туысқандарым мен болашақ командирлер артып отырған үмітті ақтауға тырысамын", - деді Бауыржан Бақытжанұлы. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қазір жас лейтенанттар қатынас қағаздарын алып жатыр және ҚР ҚК ИҚК Иуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдеріне қызметке таратылатын болады. Осы сәттен бастап олар ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеруге ресми түрде кіріседі.

Үш қазақстандық әскери жоғары оқу орны: Құрлық әскерлерініӊ Искери институты, Кеӊес Одағыныӊ екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Иуе қорғанысы күштерініӊ Искери институты мен Радиоэлектроника және байланыс әскери институты қазіргі уақытта елдіӊ әскери кадрларын толықтыратын курсанттарды түлетіп шығаруға дайындалып жатқанын айта кетейік.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны