22.06.2015, 12:20 3554

ҚР ҚК офицерлер құрамын шетел әскери оқу орындарыныӊ бітірушілері толықтырды

Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Түркия, Қытай, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Украина және өзге де елдердіӊ әскери жоғары оқу орындарында оқып жүрген курсанттар мен тыӊдаушылардыӊ оқуы аяқталды.

Астана. 22 Маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы Күштерін шетел әскери оқу орындарын бітірген әскери қызметшілердіӊ жаӊа буыны толықтырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Түркия, Қытай, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Украина және өзге де елдердіӊ әскери жоғары оқу орындарында оқып жүрген курсанттар мен тыӊдаушылардыӊ оқуы аяқталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

ҚР Қарулы Күштерініӊ офицерлер құрамы Вестпойнт қ. АҚШ Құрлық әскерлері Искери академиясы, ИШҚҚ Ярослав жоғары зениттік-зымырандық училищесі,

Н.Воронов атындағы Пенза артиллериялық инженерлік институты, Дэхрадун қ. (Үндістан) Құрлық әскерлері Искери академиясы, Кеӊес Одағыныӊ маршалы А.Васильевский атындағы РФ ҚК әскери әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери академиясы (Смоленск қ.), Мәскеу қ. Искери университеті, Сэндхерст қ. Ұлыбритания әскери академиясы, Анкара қ. Түркия ҚК Құрлық әскерлерініӊ әскери училищесі, Украина Ұлттық қорғаныс университеті, Шицзяджуань қ. ҚХР ҚҰАА механикаландырылған жаяу әскер әскери академиясы, Гамбург қ. Бундесвер Бас штабы академиясыныӊ түлектерімен толықтырылды.

35 тыӊдаушы және 90 курсант қазақстандық армияда қызмет етуге кірісу сәтін күтіп отыр. Жас әскери қызметшілер атап өткендей, шетел ЖОО-да алған біліміӊді қолдана отырып, ҚР Қарулы Күштерінде қызмет ету құрмет. Олар міндетті түрде үкілеген үмітті ақтайды.

Қазақстандық курсанттардыӊ шетелде оқуы ҚР Қарулы Күштерініӊ құрылу кезінен бастап тұрақты жүргізілуде. Соӊғы үш жылдыӊ өзінде шетел әскери оқу орындарын шамамен 400 курсант тәмамдады, оныӊ ішінде 2013 жылы - 66, 2014 жылы - 226, 2015 жылы - 90 адам. Бұл ретте өзге елдердіӊ 150-ге жуық әскери қызметшісі Қазақстанныӊ әскери оқу орындарында да білім алуда. Атап айтқанда, Тәжікстаннан 70 сарбаз Құрлық әскерлері мен Иуе қорғанысы күштерініӊ Искери институттарында, Қырғыз Республикасыныӊ 62 өкілі Ұлттық қорғаныс университетінде, Құрлық әскерлері мен Иуе қорғанысы күштерініӊ Искери институттарында және Радиоэлектроника және байланыс Искери-инженерлік институтында, сондай-ақ Ұлттық қорғаныс университетінде Арменияныӊ 2 тыӊдаушысы оқиды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны