19.11.2015, 13:23 3874

ҚР ҚК-де алғаш рет автомобильдерді техникалық сүйемелдеу жөнінде пилоттық жоба іске қосылды

Биылғы жылы ҚР Қарулы Күштерінде алғаш рет Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігініӊ жарақтандыруында тұрған 350-ден аса КАМАЗ көліктерін техникалық сүйемелдеу бойынша пилоттық жоба іске қосылған болаты

Астана. 19 қараша. Kazakhstan Today - Биылғы жылы ҚР Қарулы Күштерінде алғаш рет Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігініӊ жарақтандыруында тұрған 350-ден аса КАМАЗ көліктерін техникалық сүйемелдеу бойынша пилоттық жоба іске қосылған болаты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігініӊ жарақтандыруында тұрған автомобильдер мен КАМАЗ-дыӊ базалық шассилерін кешенді техникалық сүйемелдеу автомобильдердіӊ жұмыс қабілеттілігініӊ жай-күйі мен ресурсын ұстап тұруға және қалпына келтіруге, ақаулықтарды жоюға бағытталды. Бұл жобаны 2015 жылғы шілдеден бастап Ақмола облысыныӊ Ерейментау қаласында орналасқан "Қазақстан инжиниринг 811-ші автожөндеу зауыты" АҚ іске асырып келеді. Жобаныӊ аяқталу мерзімі - ағымдағы жылдыӊ желтоқсаны.

Қорғаныс министрлігі мен ҚР Қарулы Күштерініӊ жарақтандыруында тұрған КАМАЗ автокөліктері адамдарды, техниканы, отынды және т.б. тасымалдау бойынша міндеттерді орындайтынын айта кетейік.

Зауыт қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыс кешенін жүргізеді, КАМАЗ автокөліктерін уақтылы қалпына келтіру және пайдалануға ұдайы әзрлікте ұстап тұруды қамтамасыз етеді. Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ КАМАЗ маркалы автокөліктерініӊ барлық паркіне техникалық сүйемелдеу жасауды орынлауға әзір.

Бүгінгі таӊда "Қазақстан инжиниринг 811-ші автожөндеу зауыты" "КАМАЗ" бас компаииясыныӊ қызмет көрсету орталығымен аттестаттаудан өткен Қазақстан Қарулы Күштерініӊ мұқтаждығы үшін әскери және қос мақсаттағы өнім шығаратын "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ-тыӊ бірден-бір еншілес ұйымы болып табылады. Қазіргі уақытта зауыттыӊ білікті персоналы, қажетті күш-қуаты және жылына 1 800 автокөлікке қызмет көрсетуге арналған құрал-жабдығы бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны