08.02.2016, 13:33 3716

ҚР ҚК-де "Батыр арулар" байқауы екінші рет бастау алды

Ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы Күштерінде қыз-келіншек әскери қызметшілер арасында "Батыр арулар" байқауы басталды. Осы жылы қазақстандық армияныӊ он екі үздік нәзік жанды аруларын екінші мәрте таӊдайды

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы Күштерінде қыз-келіншек әскери қызметшілер арасында "Батыр арулар" байқауы басталды. Осы жылы қазақстандық армияныӊ он екі үздік нәзік жанды аруларын екінші мәрте таӊдайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алғашқы "Батыр арулар" республикалық байқауы өздерініӊ өмірлерін Отанға қызмет етуге сарп еткен әйелдер еліктеудіӊ үлгісі бола білгендерін жарқын дәлелі болды. Қатысушылар өтінім бергеннен бастап және шешуші кезеӊге дейін нәзік жанды арудыӊ шамасы келмейтін сынақтар арқылы үлкен асулардан өтті. Олар оқ атты, граната лақтырды, әртүрлі кедергілерді еӊсерді, өзеннен жүзіп өтті, қуатты жауынгерлік машиналардыӊ тізгінін ұстады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Биылғы жылы ақпаннан бастап өтінімдерді қабылдау басталды. 2016 жылғы 25 наурызға дейін байқауға қатысуға ниет білдіргендер сауалнаманы толтырып, өзі және ҚР Қарулы Күштері қатарындағы әскери қызмет туралы әӊгімелеп береді.

Екінші кезеӊ - ҚР Қорғаныс министрлігініӊ www.mod.gov.kz ресми сайтында ашық дауыс беру. Ол 2016 жылғы 1 сәуірде басталып, 15 маусымда аяқталады. Былтырғы жылғыдай барынша көп дауыс жинағандар байқау жеӊімпаздары болып анықталады.

Естеріӊізге сала кетсек, "Батыр арулар" - ҚР ҚК қыз-келіншек әскери қызметшілері арасындағы республикалық байқау. Бірінші байқауға еліміздіӊ түкпір-түкпірінен өтінім білдірген 123 әйел әскери қызметші қатысты. Қырық күндік онлайн дауыс беруде конкурсанттарға өте көп, яғни, 255 725 дауыс берілді. Байқау қазақстандықтардыӊ арасында ғана емес, сонымен бірге өзге елдіӊ тұрғындары арасында да қызығушылық туғызды. Дауыс беруге Ресей, АҚШ, Германия, Индонезия және Үндістанныӊ пайдаланушылары белсене атсалысты. Нәтижесінде сынақтан сұрінбей өтіп, өздерініӊ жауынгерлік әзірлігін, төзімділігі мен күшін дәлелдеген Қазақстан Қарулы Күштерініӊ лайықты өкілдері болып табылатын 12 жеӊімпаз анықталды. Соӊында қыз-келіншектерді кәсіби стилистердіӊ қолынан ажарлану және мамандандырылған күнтізбеге арналған фотосессия күтіп тұр. Онда "Батыр арулар" байқауыныӊ әрбір жеӊімпазы күнтізбеніӊ парақшаларын ажарландыра түседі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны