02.09.2015, 16:22 4131

ҚР ҚК-нен алғашқы әскери бақылаушы Батыс Сахарасынан Қазақстанға оралды

Батыс Сахарасына БҰҰ-ныӊ миссиясына алғашқы болып аттанған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ офицері капитан Темірлан Мүсәпіров Қазақстанға оралды. Ол әскери бақылаушыныӊ міндеттерін орындай отырып, 30-дан астам елдіӊ өкілдерімен қатар африкалық елде тура бір жыл қызмет етті

Астана. 2 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Батыс Сахарасына БҰҰ-ныӊ миссиясына алғашқы болып аттанған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ офицері капитан Темірлан Мүсәпіров Қазақстанға оралды. Ол әскери бақылаушыныӊ міндеттерін орындай отырып, 30-дан астам елдіӊ өкілдерімен қатар африкалық елде тура бір жыл қызмет етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Батыс Сахарасында әскери бақылаушылар ретінде әртүрлі адамдар жиналған. Онда әскери атағыӊ, жасыӊ, ұлтыӊ маӊызды емес екенін түсінесіӊ, бейтараптылықты сақтап, сеніӊ жүріс-тұрысыӊ бойынша күллі ел туралы жазғыратынын есте сақтағанын жөн. Бұл өте жауапты", - дейді офицер. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қазір капитан Мүсәпіров "ҚАЗБАТ" 2-ші қазақстандық бітімгершілік батальонында өзініӊ қызметіне кірісіп те кетті. Оныӊ айтуынша, отбасыӊ мен туған-туысқандарыӊнан шалғайда өзге елде қызмет ету күрделі болғанына қарамастан, қажет болған жағдайда ол тағы да миссияға аттануға әзір.

Искери бақылаушы ретінде БҰҰ-ныӊ миссияларына қатысу әскери қызметшілерден ағылшын тілін, БҰҰ-ныӊ басшылық құжаттарын, автомобильді және арнайы техниканы жүргізу дағдысын жоғары деӊгейде білуді, сондай-ақ Біріккен ұлттар ұйымыныӊ курстарында арнайы дайындықтан сәтті өтуді қажет етеді.

Бүгінгі күні Батыс Сахарасындағы (MINURSO) және Кот-дИИвуардағы (UNOCI) екі миссияда Қазақстан Қарулы Күштерініӊ алты офицері қызмет өткеруде. Жалпы алғанда, Қазақстан Батыс Сахарасы, Кот-дИИвуар, Гаити мен Либериядағы БҰҰ-ныӊ әрбір миссиясына бес офицерді жолдауға дайын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны