16.02.2016, 16:28 3447

ҚР ҚК-ніӊ арнайы мақсаттағы жауынгерлері алғаш рет Эльбрус шыӊын бағындыруға аттанады

Алматы облысыныӊ Жоӊғар Алатауы аумағында 48386 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы ротаныӊ әскери қызметшілері таулы даярлық бойынша тапсырмаларды пысықтауда. Сабақтар "Эльбрус шығыршығы - 2016" халықаралық сайысына қатысу үшін жеке құрамныӊ жауынгерлік даярлық деӊгейін арттыруға бағытталған

Алматы. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы облысыныӊ Жоӊғар Алатауы аумағында 48386 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы ротаныӊ әскери қызметшілері таулы даярлық бойынша тапсырмаларды пысықтауда. Сабақтар "Эльбрус шығыршығы - 2016" халықаралық сайысына қатысу үшін жеке құрамныӊ жауынгерлік даярлық деӊгейін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жарыс Ресей Федерациясында өтеді. Теӊіз деӊгейінде 5 642 метрдегі ғаламшардыӊ еӊ биік шыӊы Эльбрусты бағындыру үшін өзге елдіӊ мықты әскери альпинистерімен күресуде әскери қызметшілер құзға өрмелеу, таулы өзендер арқылы өткелден өту, арқаннан өту және таулы жерде жаралыны көшіру элементтерін пысықтайды. Одан басқа, 48386 әскери бөлімініӊ арнайы мақсаттағы жауынгерлері "Суық төбе" және "Мұзтау" шыӊдарын бағындырды.

Сабақ барысында келісімшарт қызметініӊ әскери қызметшілері кіші сержанттар Асхат Оразбаев пен Жандос Серікбаев таулы даярлықта жақсы нәтижелер көрсетті. Жеке құраммен моральдық-психологиялық және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда рота командирі Ерлан Оӊғарбаев жақсы жағынан атап өтілді.

Таулы даярлық бойынша сабақтар 2016 жылдыӊ қысқы оқыту кезеӊіне арналған әскерлердіӊ жоспарларына сәйкес өткізілді. Биылғы оқу жылыныӊ "Мәӊгілік ел" тұғыры - Қуатты Армия!" ұранымен жауынгерлік даярлықтағы негізгі күш-жігер дәл осы таулы даярлыққа бағытталғанын айта кеткен жөн.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны