03.05.2016, 13:29 3737

ҚР ҚК-ніӊ әскери қызметшілері оқушыларға жауынгерлік даярлықтағы жетістіктерін көрсетті

ҚР Қарулы Күштерінде Отан қорғаушылар күні қарсаӊында өскелеӊ ұрпаққа патриоттық тәрбие беру үшін "Батыс" өӊірлік қолбасшылығына қарасты 41433 әскери бөлімініӊ базасында ашық есік күні өтті

Астана. 3 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Қарулы Күштерінде Отан қорғаушылар күні қарсаӊында өскелеӊ ұрпаққа патриоттық тәрбие беру үшін "Батыс" өӊірлік қолбасшылығына қарасты 41433 әскери бөлімініӊ базасында ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Искери бөлімде заманауи армияныӊ қауқары мен қуаттылығын көрсететін мерекелік көӊіл-күй орнатуға тырысты. 200-ге жуық мектеп оқушылары мен колледж студенттері үшін техника мен қару-жарақтыӊ түрлерін көрсетті. Жауынгерлер АРД кедергілер жолағынан қалай өту керек екендігін, сондай-ақ қоян-қолтық ұрыс көрсетті. Спорт қалашығыныӊ аумағында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер белтемірде тартылу және қоссырықтарда қолды бүгу және жазуды көрсетті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

"Батыс" өӊірлік қолбасшылығыныӊ әскери қызметшілері оқушыларды жауынгерлік және спорттық даярлықтағы жетістіктерімен таӊғалдырып қана қойған жоқ. Балалар алғаш рет әскери қызметшілерге арналған киімдердіӊ бірнеше үлгілерін, лаӊкестікке қарсы оқу-жаттығуларда қолданылатын қысқы киім нысаны, бүркемелеу халаттары, арнайы киім үлгісі, сондай-ақ техниканы, яғни, "Кобра" броньдалған дөӊгелекті машинасын көрді.

Оқушылардыӊ айтуынша, олар әскери қызметшілердіӊ сабақтары қалай өтетінін өз көздерімен көргілері келіп, қызығушылық білдірді. Себебі, біршама бозбалаларға әскери өмірдіӊ не екенін танып білуге тура келеді. "Отан қорғаушылар мен Ұлы Жеӊіс күні алдында біз армияныӊ тыныс-тіршілігіне білек сыбана кірісіп кетеміз. Армиядағы қызметтіӊ қалай өтіп жатқанын көреміз, ардагерлерімізді құттықтап, алғыс білдіреміз", - деп жеткіншектер атап өтті.

Отан қорғаушылар күні қарсаӊында ҚР Қарулы Күштерінде көптеген іс-шаралар өтетінін естеріӊізге сала кетейік. Мерекелік концерттер, құттықтаулар және ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді марапаттау, спорттық сайыстар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны