14.12.2015, 19:24 3598

ҚР ҚК-ніӊ әскери теӊізшілері алғаш рет зениттік-зымырандық кешенінен оқ атты

ҚР ҚК Искери-теӊіз күштерініӊ әскери қызметшілері Каспий теӊізінде "Орал" зениттік-артиллериялық корабльден "Арбалет К" корабльді зениттік-зымырандық кешенінен оқу атыстарын өткізді

Астана. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР ҚК Искери-теӊіз күштерініӊ әскери қызметшілері Каспий теӊізінде "Орал" зениттік-артиллериялық корабльден "Арбалет К" корабльді зениттік-зымырандық кешенінен оқу атыстарын өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оқ атуларға ҚР ҚК ИТК бас штабыныӊ бастығы бірінші дәрежелі капитан Қайыргелді Есенеев, корабль командирі аға лейтенант Асқар Қапашев қатысты. Оқ атуларды өткізу кезінде артиллериялық жауынгерлік бөлім командирі лейтенант Шахрух Ибдіразақов жоғары дайындық деӊгейі мен нәтиже көрсетті. "Арбалет К" шағын қашықтықты корабльді зениттік-зымырандық кешені зениттік басқарылатын зымырандарды қолдана отырып, нысананыӊ көзбен шолып көрінуі жағдайында реактивті, турбобұрандамалы және бұрандама моторлы ұшақтар мен тікұшақтарды жою үшін арналған. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Ағымдағы жылғы қарашаныӊ соӊында Түпқараған жауынгерлік даярлық ауданында "Қазақстан", "Орал", "Сарыарқа" зениттік-артиллериялық корабльдердіӊ экипаждары зениттік құрылғылардан, артиллериялық қондырғыдан, ірі калибрлі оқшашардан, сондай-ақ "Жайық" гидрографиялық кемеден атыс қаруынан оқ ату практикалық артиллериялық оқ атуларды өткізді. Экипаждар қару мен техникалық құралдарды пайдалану кезіндегі өздерініӊ іс-қимылдарын, біртекті тактикалық топ құрамында жауынгерлік оқу-жаттығуларды өткізу кезінде күнделікті және жауынгерлік кестелер бойынша жеке құрамныӊ іс-қимылдарын көрсетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны