09.02.2016, 14:11 3384

ҚР ҚК-ніӊ танкішілері мотоқор мен оқ-дәрілерді үнемдейтін тренажерларда оқып-үйренуде

Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы Күштерінде танкіші әскери қызметшілер өздерініӊ іс-қимылдарын шынайы жауынгерлік машиналарда ғана емес, сонымен бірге арнайы тренажерларда да пысықтайды

Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы Күштерінде танкіші әскери қызметшілер өздерініӊ іс-қимылдарын шынайы жауынгерлік машиналарда ғана емес, сонымен бірге арнайы тренажерларда да пысықтайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР ҚК Құрлық әскерлерініӊ 10810 әскери бөлімініӊ жарақтандыруында Т-72 танкісі экипажыныӊ топтық тренажеры тұр. Онда танкіші әскери қызметшілер оқып-үйренеді және бірлескен жаттықтыруларды өткізеді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Сонымен, Т-72Б танкісініӊ экипажы танк командирі, көздеуші оператор және механик-жүргізуші құрамында оқу сыныбында әртүрлі жаттығуларды, яғни, жауынгерлік жағдайларда оқ ату, тактика элементтері барысында бірлескен іс-қимыл дағдысын пысықтайды.

Т-72Б танкі экипажы тренажерыныӊ мүмкіндіктерініӊ арасында орналастыруды зерделеу мен басқару органдарын, бақылау және көздеу аспаптарын пайдалану, нысананы көзбен шолып барлауды жүргізу бойынша операцияларды пысықтау, атысты жүргізу. Аталмыш тренажердыӊ ерекшелігі мен басымдылығы мотокор мен әртүрлі оқ-дәрілерді шығындамай-ақ іс-қимылдарды пысықтау болып табылады.

Т-72Б танкісініӊ механик-жүргізушілер осы тренажерда оқып-үйренеді. Олар әртүрлі жағдайларда жауынгерлік машинаны басқаруға жаттығады. Искери қызметшілер әртүрлі тәсілдермен дайындық пен қозғалтқышты іске қосуды, жүргізу элементтерін, яғни, орнынан қозғалу, аялдау, қозғалтқышты іске қосу, сондай-ақ мотоқорды жұмсамай жасанды және табиғи кедергілерді еӊсеруді пысықтайды.

Осы әскери бөлімніӊ танкіші әскери қызметшілері Қазақстанныӊ Қарулы Күштері арасында ғана емес, сонымен бірге әлем елдерініӊ армиясы арасында көшбасшы және танкті бөлімшелердіӊ ішінде үздіктердіӊ бірі болып табылатынын айта кетейік. Олар әлемніӊ әртүрлі елдері арасында негізгі және қосымша қарудыӊ танктерінде орнатылған танкті жүргізу және дәл оқ ату шеберлігінде экипаждар арасындағы сайысқа, яғни, танк биатлонына бірнеше мәрте қатысып, өздерініӊ кәсіби тұрғыдағы дайындықтарын дәлелдеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны