06.10.2015, 17:03 4317

ҚР ҚМ әскери госпиталінде емдеудіӊ жаӊа әдістері енгізілуде

ҚР Қорғаныс министрлігі Бас әскери клиникалық госпиталініӊ урологиялық бөлімшесінде соӊғы 5 жыл ішінде өткізілетін операциялардыӊ саны өсті. Олардыӊ біршамасы анағұрлым аз араласумен өткізілетін күрделі заманауи шағын инвазивті операциялар емделушілердіӊ қалпына келу және сауығып кету үдерісін едәуір жылдамдатады

Астана. 07 Қазан. Kazakhstan Today - ҚР Қорғаныс министрлігі Бас әскери клиникалық госпиталініӊ урологиялық бөлімшесінде соӊғы 5 жыл ішінде өткізілетін операциялардыӊ саны өсті. Олардыӊ біршамасы анағұрлым аз араласумен өткізілетін күрделі заманауи шағын инвазивті операциялар емделушілердіӊ қалпына келу және сауығып кету үдерісін едәуір жылдамдатады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазіргі сәтте госпитальдіӊ урологиялық бөлімшесінде тастарды бөлу және жою үшін арналған заманауи жабдық бар, ол сапалы тексеруді жүргізуге және жоғарғы зәр шығару жолдарын және т.б. емдеуге мүмкіндік береді. Одан басқа, бүйрек және несеп жолдарына ота жасау үшін қосымша медициналық құрал-жабдық сатып алу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Искери госпитальде күрделі жоғары технологиялық эндоскопиялық операциялардыӊ үлесі ұлғаюда, әскери қызметшілер мен олардыӊ отбасы мүшелеріне жоғары мамандандырылған медицнналық көмек көрсетілуде.

Сонымен қатар, ҚР ҚМ әскери клиникалық госпиталінде органдарды тесу арқылы шұғыл емдеудіӊ жаӊа әдістерін енгізу жоспарда бар. Бұл қазіргі заманғы урологияныӊ тыӊ жаӊа бағыты. Мұндай операциялардыӊ басты ерекшелігі барлық қол сұғушылық ешқандай тіліксіз, теледидардыӊ бақылауымен кішкене тесіктер арқылы жүргізіледі.

Искери госпитальдіӊ урологиялық бөлімшесініӊ базасында "Астана қаласыныӊ Медициналық университеті АҚ" урология және андрология кафедрасы орналастырылған. Госпитальдіӊ урологиялық қызметініӊ кафедрасымен тығыз ынтымақтастығы жаӊа урологиялық технологияларды енгізу мен дамытуға, хирургиялық шеберлікті арттыруға, госпиталь урологтарыныӊ теориялық және практикалық тәжірибені және ғылыми әзірлемелерге арналған материал жинақтауына ықпал етеді, сондай-ақ әскери медицина мен азаматтық денсаулық сақтаудыӊ тығыз байланысын орнатуға мүмкіндік туғызды және ҚР ҚК емдеу мекемелерініӊ, Астана қаласыныӊ азаматтық халқы мен әскери қызметшілері арасында әскери дәрігерлердіӊ беделін анағұрлым арттырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны