20.07.2015, 11:41 8067

ҚР ҚМ Бас әскери госпиталініӊ хирургтары 200-ден астам күрделі операция жасады

2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас әскери клиникалық госпиталініӊ әскери хирургтары 200-ден астам жедел ота жасады. Жартысынан

Астана. 20 Шілде. Kazakhstan Today - 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас әскери клиникалық госпиталініӊ әскери хирургтары 200-ден астам жедел ота жасады. Жартысынан көбісі ота жасаушылардыӊ қол сұғуынсыз өткізілетін күрделі қазіргі заманғы шағын инвазивті операциялар емделушілердіӊ қалпына келу және сауығу үдерісін айтарлықтай тездетеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жаӊа жоғары технологиялық әдіснамаларды қолдана отырып, күрделі операцияларды жүргізу әскери хирургтардыӊ артып келе жатқан кәсібилігініӊ арқасында мүмкін болып отыр. Шет елдерініӊ ірі медициналық мекемелерімен ретке келтірілген ынтымақтастығыныӊ арқасында олардыӊ Англия мен Германияда оқуға мүмкіндіктері бар, Ресей, Украина және Үндістан дәрігерлерімен бірлескен операцияларға қатысады. Ал содан кейін әскери госпитальде емдеудіӊ заманауи әдістерін енгізеді, отандық әскери медицинаныӊ деӊгейін арттыра отырып, әріптестерімен тәжірибе алмасады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қазіргі уақытта әскери госпитальдіӊ хирургтары диагностиканыӊ, хирургиялық және консервативтік емдеудіӊ жаӊа әдістерін зерделеуде. Оныӊ ішінде жарыққа ота жасау, жарақаттар, өкпе қабынуы кезіндегі операциялар, күрделі реконструктивті-пластикалық және пластикалық операциялар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны