19.06.2015, 15:32 4275

ҚР ҚМ Кадет корпусын еӊ көп түлек бітіріп шықты

Ш. Уалиханов атындағы Қорғаныс министрлігініӊ Кадет корпусы бастапқы әскери білім бағдарламасы бойынша ҚР ҚК сержанттық лауазымында қызмет атқаратын кіші командалық құрамды даярлауды жүзеге асырады

Астана. 19 Маусым. Kazakhstan Today - Ш. Уалиханов атындағы Қорғаныс министрлігініӊ Кадет корпусы бастапқы әскери білім бағдарламасы бойынша ҚР ҚК сержанттық лауазымында қызмет атқаратын кіші командалық құрамды даярлауды жүзеге асырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Биылғы жылы ҚР ҚМ Кадет корпусын еӊ көп түлек, яғни 214 адам бітірді. Оқу орны ашылғаннан бері онда 2 224 сержант "Искери басқару" мамандығы бойынша оқып шықты. Оныӊ ішінде 2012 жылы - 206 адам, 2013 жылы - 176 және 2014 жылы 181 сержант бітірді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бітірушілер арасында 11 сержант үздік бағаға бітіріп, Дамир Бірібаев, Азамат Қыстаубаев пен Азамат Қажыбаев үздік медаль алды. Айта кетейік, Кадет корпусына 17-21 жас аралығындағы жастар, сондай-ақ жасы 23-тен аспаған келісімшарт негізінде және мерзімді әскери қызмет өтеген сарбаздар оқуға қабылданады.

Жалпы оқу бағдарламасы 1 жыл 10 айға есептелген. Бірінші курста кадеттер әскери қызметтіӊ негіздерін үйреніп, әскери ант қабылдайды және 10 жылға келісімшартқа қол қояды. Екінші курстан бастап жауынгерлік тағлымдамадан өтеді. Олар ҚР ҚК әскери бөлімдеріне барып, теориялық білімдерін іс жүзінде сынайды.

Оқуды бітірісімен кадеттер "Искери басқару" мамандығы бойынша "Искери басқарудыӊ кіші маманы (менеджер)" біліктілігі берілгені туралы диплом алады. Сонымен қатар, "Механика - 3-сыныпты БМП жүргізушісі" және "В", "С" категориялы автокөлік жүргізушісі куәліктері беріледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны