12.02.2015, 15:56 4494

ҚР ҚМ өкілдері Германия аумағында әскери қызметті инспекциялады

Қазақстандық басшылықпен және Беларусь Республикасы өкілініӊ қатысуымен көпұлтты инспекциялық топ 2011 жылғы Германия аумағында сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы Веналық құжат бойынша "аталған ауданныӊ" инспекциясын жүргізді

Астана. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстандық басшылықпен және Беларусь Республикасы өкілініӊ қатысуымен көпұлтты инспекциялық топ 2011 жылғы Германия аумағында сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы Веналық құжат бойынша "аталған ауданныӊ" инспекциясын жүргізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Инспекцияныӊ мақсаты аталған ауданда (Берген, Мунстер-Норд, Мунстер-Зюд полигондары) алдын ала хабарламаны қажет ететін әскери қызметтіӊ бар немесе жоқ болуын анықтайтын тексерісті жүргізу болды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Жұмыс барысында Бундесвердіӊ келесі бөлімдерініӊ командаванияларынан инспекторларға нақты баяндамалар ұсынылды: 1-ші танктік дивизия (Ганновер қ.), оқу процесін қамтамасыз етудіӊ 9-танктік бригадасы(Мунстер қ.), 21-ші танктік бригада (Аугустдорф тұрғын орны), 12-ші танктік бригада (Амберг қ.), 31-ші парашюттік-десанттық полк (Зедорф тұрғын орны), 10-шы көліктік-вертолеттік полк (Зедорф тұрғын орны), 100-ші инженерлік-саперлік полк (Минден қ.) және "көрсетілген ауданда" орналасқан Ұлыбритания Қарулы күштерініӊ 1-ші дивизиясы.

Сонымен бірге инспекциялық топ Батыс Еуропадағы "Берген" полигонындағы Бундесвердіӊ 12-ші танктік бригадасыныӊ 10-шы танктік дивизиясы жүргізіп отырған командалық-штабтық оқуларын бақылау мүмкіндігіне ие болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны