16.04.2008, 18:38 3692

ҚР Көлік инспекциясы тасымалдаушылардың халықаралық тасымал нормаларын бұзу оқиғаларын анықтады

ҚР Көлік инспекциясы тасымалдаушылардың халықаралық тасымал нормаларын бұзу оқиғаларын анықтады

Астана. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Көлік инспекциясының қызметкерлері Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы арасында жасалған "Халықаралық көлік тасымалы туралы" екіжақты келісімнің нормаларын Молдовалық тасымалдаушылардың жаппай бұзу оқиғасын анықтады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"14 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының көлік инспекторлары "Жаңа жол" өткізу пунктінде Молдованың жабдықтаушы компанияларына тиесілі үш жүк көлігін тоқтатқан. Молдова тасымалдаушылары жолдама құжаттарын қолдан жасау жолымен Румыниядан Қазақстанға 45 тонна көлеміндегі пластикалық ыдыс-аяқ алып өтпекші болған", - деп көрсетілген хабарламада.

Көлік және коммуникация министрлігі 1999 жылдың 15 шілдесіндегі "Халықаралық автомобиль тасымалы жөніндегі" келісімнің 7-ші бабына сәйкес үшінші мемлекеттерден автомобиль көлігімен Қазақстанға жүк кіргізу тек үшінші мемлекеттен Қазақстанға кіруге рұқсат бланкысы болған жағдайда жүзеге асырылады. Отандық жабдықтаушы компаниялардың мүддесін қорғау үшін серіктес мемлекеттер жыл сайын оның берілу шегін бекітіп отырады. "Алайда бүгінгі таңда Молдова тиісті бланктердің шегіне жетіп қойды. Заңды бұза отырып тасымалдаушылар Қазақстанға әмбебап рұқсат бланкісінің көмегімен кіруге ұмтылуда", - деп түсіндірді министрлік.

"Жаңа жол" өткізу пунктінің инспекторлары аталмыш көлік құралдарының жүргізушілерін тұтқындады. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылмай жаты Қазақстанға кіргізілмейді", - деп атап көрсеткен хабарлама.

Сонымен бірге, осыған ұқсас оқиға Атырау облысының "Құрманғазы" өткізу пунктінің көлік инспекторларының Skania маркасындағы жүк көлігін тоқтатуға себепкер болған. Ол да Молдованың экспедиторлық компанияларына тиесілі болып шыққан. "Аталмыш оқиғалар Қазақстан мен Молдова арасында жасалған "Халықаралық көлік тасымалы туралы" екіжақты келісім нормаларын Молдова тасымалдаушыларының жаппай бұзып отырғанына дәлел бола алады", - деп атап көрсеткен министрлік.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны