11.09.2007, 18:23 3163

ҚР көлік және коммуникация министрлігі қазақстандық авиакомпаниялардың арасында авиабағыттарды бөлу жөніндегі байқаудың жеңімпаздарын жариялады

ҚР көлік және коммуникация министрлігі қазақстандық авиакомпаниялардың арасында авиабағыттарды бөлу жөніндегі байқаудың жеңімпаздарын жариялады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 11-қыркүйек. АСТАНА. ҚР көлік және коммуникация министрлігінде қазақстандық авиакомпаниялардың арасында авиабағыттарды бөлу жөннідегі байқауға берілген ұсыныстарды қарастыру жөніндегі комиссия отырысы болып өтті. Конкурстық комиссия 2008 жылы тұрақты авиарейстермен жолаушы тасымалын қамтамасыз ететін компанияларды белгіледі. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған.

"Бүгінгі таңда 27 ішкі және 6 халықаралық авиабағыт бойынша тасымалдаушы авиакомпаниялары белгілі болды. Олар - "Эйр Астана", "Скат", "Атырау әуе жолы", "Жезқазған эйр", "Көкшетауавиа", "Семейавиа", "Старлайн kz", "Тұлпар авиа сервис", "Саяхат", "Жетісу"",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Калған 16 ішкі және 35 халықаралық авиабағыттар бойынша тасымалдаушы компаниялар 2007 жылғы 24 қыркүйекте өтетін қосымша қонкурс нәтижесінде анықталады.

Барлығы биылғы конкурсқа 43 ішкі және 41 халықаралық авиабағдарғы ұсынылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны