24.06.2008, 16:48 2970

ҚР Конституциялық кеңесі елдегі конституциялық заңдылықтың сақталуын оң бағалап отыр

ҚР Конституциялық кеңесі елдегі конституциялық заңдылықтың сақталуын оң бағалап отыр

Астана. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Конституциялық кеңесі елдің конституциялық заңдылығын оң бағалап отыр. Бұл туралы бүгін парламенттің бірлескен отырысында "Қазақстандағы конституциялық заңдылық жағдайы туралы" баяндама жасаған Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Елдегі конституциялық заңдылықтың жағдайын бағалай отырып, жалпы алғанда республикадағы құқықтық жүйе сәтті дамуда, Конституция негізінде және барша қауым мойындаған қағидаларға және халықаралық құқық нормаларына сәйкес жетілуде екенін Конституциялық кеңес атап көрсетіп отыр", - деді И. Рогов.

Сонымен бірге ол Конституциялық кеңестің заңнамалық реттеуді талап ететін жекелеген ұсыныстары мен кеңестері жүзеге аспаған қалпында қалуда екенін атап көрсетті. Атап айтқанда, кейбір халықаралық келісімдерді Ата заңмен сәйкестендіру процессі әлі аяқталмаған.

"Оның ішінде Байқоңыр ғарыш айлағын жалға беруге қатысты келісімдер бекітілмеген. Бұл келісімдер әлі де болса екіжақты ратификациядан өткізілмеген", - деп толықтырды И. Рогов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны