16.07.2008, 18:30 2738

ҚР Конституциялық кеңесі кейбір БАҚ-тар таратқан ҚР Конституциялық кеңесінің "Валют-Транзит банк" салымшыларына қатысты шешімі туралы ақпаратты жоққа шығарды

ҚР Конституциялық кеңесі кейбір БАҚ-тар таратқан ҚР Конституциялық кеңесінің "Валют-Транзит банк" салымшыларына қатысты шешімі туралы ақпаратты жоққа шығарды

Астана. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Конституциялық кеңесі кейбір БАҚ-тар таратқан ҚР Конституциялық кеңесінің "Валют-Транзит банк" салымшыларына қатысты шешімі туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"ҚР Конституциялық кеңесіне Қарағанды қалалық Қазыбек би аудандық сотының таныстыруы келіп түсті. Онда бірқатар банк нормаларын Конституцияға сай емес деп тану туралы айтылған, алайда, таныстыру мазмұны мен түріне қарай талапқа сай болмауы оны өндіріске қабылдап алудан бас тартуға негіз болды", -деді ҚР Конституциялық кеңесінің талдау бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Гүлнан Байгелді.

Оның айтуынша, тиісінше, " ҚР Конституциялық кеңесінің "Валют-Транзит банк" салымшыларына берешекті қайтаруда олардың кезегін өзгертуге жол беруге болмайтынын таныған шешімі туралы 16 шілдеде "Интерфакс-Казахстан" агенттігі ВТБ салымшыларының бастамашыл тобының мүшесі галина Шохорға сілтеме жасап таратқан ақпараты шындыққа жанаспайды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны