Система Orphus

ҚР Конституциялық кеңесі жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу жөніндегі бірқатар заң нормаларын Конституцияға қайшы деп тану туралы Қостанай қалалық сотының шағымын қарастыруға кірісті

21.04.2008, 16:52 2342

Астана. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Конституциялық кеңесі "Жылжымайтын мүлік құқығын мемлекеттік тіркеу жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу және онымен мәміле жасасу туралы" заң ережелерін Конституцияға қайшы деп тану жөніндегі Қостанай қалалық сотының ұсынысын қарастыруға кірісті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Халыққа қызмет көрсету орталығының алты айлық құжат тапсыру мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты жылжымайтын мүлікті тіркеуден бас тартуға жасалған шағымдануды азаматтық істер сотында қарастыру ҚР Конституциялық кеңесіне шағымдануға негіз болған.

Қостанай қалалық соты "тиісті органдарға тіркеуден бас тартуға міндеттейтін және жылжымайтын мүлікті тіркеу және онымен жасалатын мәміле мерзімі мен қалпына келтіру мүмкіндігін тек сот арқылы шешуді бекіткен құжаттың осы нормалары азаматтардың конституциялық құқына шектеу қояды" деп есептейді.

Бүгін Конституциялық кеңес мүшелері конституциялық іске қатысушылардың ой-пікірлерін тыңдады. Үкімет өкілі, әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетовтың, сондай-ақ, сенат пен мәжіліс депутаттарының айтуынша, көрсетілген нормалар Конституцияға қайшы келмейді.

"Сонымен қатар заңды қолдануда пайда болған қиындықтар оның түсініксіздігінен және оның жекелеген нормаларының бір-біріне қайшы келуінен туындаған", - деді мәжіліс депутаты Рамазан Сәрпеков. Үкімет ұстанымымен ҚР бас прокурорының орынбасары Асхат Дауылбаев та келісті. Ол заң нормаларында белгілі бір ішкі қайшылықтар бар екенін жасырмады.

Ал Жоғарғы сот өкілдері мен Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкілі болса аталмыш нормалар Конституцияға қайшы деп есептейді.

Конституциялық істің барлық тараптарын тыңдап болғаннан кейін Конституциялық кеңестің мүшелері шешім шығару үшін кеңес бөлмесіне кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны