14.01.2009, 18:43 2629

ҚР Конституциялық Кеңесінің діни заңнамаға енгізілетін түзетулерді Конституцияға сәйкес келмейді деп тануға толық негізі бар

ҚР Конституциялық Кеңесінің діни заңнамаға енгізілетін түзетулерді Конституцияға сәйкес келмейді деп тануға толық негізі бар

Алматы. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін"- ҚР Конституциялық Кеңесінің "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктердің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын Конституцияға сәйкес келмейді деп тануға толық негізі бар. Бұл туралы "Қазақстанның халықаралық адам құқықтары жөніндегі бюросының" жетекшісі Евгений Жовтис бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біздің пікірімізше, бұл заң жобасының кем дегенде 6 бабы Ата заңға қайшы келеді. ҚР Конституциялық Кеңесінің діни заңнамаға енгізілетін түзетулерді Конституцияға сәйкес келмейді деп тануға толық негізі бар",- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 8 қаңтарда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі 2008 жылғы қарашаның 26-сында Қазақстан Республикасының парламенті қабылдаған, 2008 жылғы 2-желтоқсанда мемлекет басшысына қол қоюға ұсынылған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктердің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы президенттің ұсынысын қарауға қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны