06.06.2007, 17:07 2943

ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы ішкі істер органдарының бірқатар өкілеттілігін сот әкімшілігі жөніндегі комитетке беруді ұсынады

АСТАНА. 6-маусым. Kazakhstan Today. ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Рогов ішкі істер органдарының бірқатар өкілеттілігін сот әкімшілігі жөніндегі комитетке беруді ұсынады. Соның ішінде сот шешімінің орындалмауына байланысты істер бойынша анықтау өкілеттілігін комитетке беруді ұсынады. Бұл ұсынысты ол бүгін сот үкімін орындаушылардың бірінші республикалық сьезінде ортаға салды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Статитикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай, іс жүзінде сот шешімдерінің 70-72% ғана орындалады. Сот үкімдерінің лайықты орындалуын қамтамасыз ету шараларының бірі ҚР Жоғарғы сотының жанындағы сот әкімшілігі комитетінің аумақтық бөлімшелеріне сот шешімінің орындалмауына және сотты сыйламаушылыққа байланысты істер бойынша анықтау өкілеттілігін беру болмақ",- деді И.Рогов.

Кеңес төрағасының айтуынша, "бұрын бұған Қазақстан конституциясының анықтау органдарын сот пен прокуратурадан бөлу жөніндегі бабы кедергі болып келген. Қазір бұл бап еліміздің негізгі заңынан алынды".

И.Рогов осы орайда "қазіргі таңда ҚР қылмыстық кодексінің "соттың үкімін, шешімін немесе басқа да сот актілерін оырндамау жөніндегі" 362-бабы бойынша тексеру жүргізу құқығы ішкі істер органдарының құзырына берілгенін" еске салды. "Олар басқа да сан жеткісіз қылмыстармен күрестен бас көтере алмай отыр, сонымен бірге, сот шешімдерінің орындалмауына қатысты істерді әділет органдарының қаншалықты тиімді тексергенін баршамыз білеміз",- деді ол.

Кеңес төрағасының мәліметінше, "егер осы санаттағы істерді тексеруді 1997-жылы ІІМ-інен әділет жүйесіне бергенге дейін осындай бар-жоғы 5 қылмыстық іс қозғалса, 1998-жылы бұл құзырет әділет министрлігіне берілгеннен кейін осындай 455 іс, 1999-жылы - 772, 2000-жылы - 812 іс өндіріспен аяқталды".

"Ал осы тектес істер бойынша анықтау функциясы қайта ІІМ-нің құзырына өткеннен кейін, 2001-жылдың 9 айында небәрі 219 іс қозғалған, демек, одан бұрығы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда шамамен төрт есе азайған",- деді И.Рогов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны