15.12.2015, 12:04 19797

ҚР Қорғаныс министрі қаза болған әскери қызметшілердіӊ ата-аналарына мемлекеттік наградалар табыс етті

Бүгін, Астанада ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов ағымдағы жылдыӊ күзінде әскери міндетін орындау кезінде қайтыс болған әскери қызметшілердіӊ ата-аналарына мемлекеттік наградалар табыстады

Астана. 15 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін, Астанада ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов ағымдағы жылдыӊ күзінде әскери міндетін орындау кезінде қайтыс болған әскери қызметшілердіӊ ата-аналарына мемлекеттік наградалар табыстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бүгін Елбасы - ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысыныӊ арнайы Жарлығымен Отаны мен халқы алдында өз борышын орындай отырып, батылдық танытып, опат болған сарбаздар марапатталады. Бұл есімдері мәӊгі жадымызда қалатын айбынды әскери қызметшілерімізді құрметтеу белгісі. Мақсатымыз медальдарды табыстау ғана емес, сонымен бірге қайғыларыӊызға ортақ болу болып табылады. Ирине, анасы мен әкесіне қаза болған ұлдарын ешбір марапат қайтара алмайды. Біз оны жақсы түсінеміз. Алайда, өзгелерге үлгі-өнеге болып табылатын сарбаздыӊ батылдығыныӊ маӊыздылығын, Отан қорғаушысыныӊ абыройын, әскери қызметшініӊ бейнесін ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл медальдар жұбаныш болып табылмайды, бірақ, мақтауға тұрарлық ұл тәрбиелеп өсірген ата-аналар үшін нағыз халықтыӊ сый-құрметі іспетті", - деді ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қаза болғаннан кейін ұлан қатардағы жауынгері Асылжан Махамбетов, ұлан қатардағы жауынгері Замир Иділов, ұлан қатардағы жауынгері Бауыржан Жолдыбай және ұлан қатардағы жауынгері Бағытжан Қалыбай "Ерлігі үшін" медальдарын иеленді.

Естеріӊізге сала кетсек, қайғылы оқиға Ақтауда 18 қыркүйекте "Орталық-2015" оқу-жаттығуыныӊ 2-кезеӊін өткізу кезінде орын алды. Оқу-жаттығу барысында 4 әскери қызметші суға батып кетті. Бүгінгі күні тергеу әлі жалғасуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны