14.01.2016, 18:10 4649

ҚР Қорғаныс министрі көшпелі алқа мәжілісін өткізді

Бүгін, 2016 жылғы 14 қаӊтарда Тараз гарнизонында Қорғаныс министрлігініӊ көшпелі алқа мәжілісі өтті. Оған ҚР Қорғаныс министрлігі басшылығыныӊ өкілдері, департаменттер мен басқармалардыӊ басшылары, "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығы құрамалары мен бөлімдерініӊ басшылары қатысты

Астана. 14 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін, 2016 жылғы 14 қаӊтарда Тараз гарнизонында Қорғаныс министрлігініӊ көшпелі алқа мәжілісі өтті. Оған ҚР Қорғаныс министрлігі басшылығыныӊ өкілдері, департаменттер мен басқармалардыӊ басшылары, "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығы құрамалары мен бөлімдерініӊ басшылары қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Көшпелі отырыс практикасы алғаш рет енгізіліп отыр. "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығында өткізіліп жатқаны да жайдан-жай емес. Өйткені, оӊтүстік бағыт стратегиялық бағыттардыӊ бірі болып табылады. Осыған байланысты, "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығыныӊ әскерлеріне Қорғаныс министрлігініӊ, сондай-ақ Мемлекет басшысыныӊ тарапынан ерекше көӊіл бөлінеді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Осы жылы "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығында алғашқы алқа мәжілісін өткізуіміз кездейсоқ емес". Себебі, бұл жауынгерлік, жедел-аумақтық және жұмылдыру жағынан еӊ ірі құралым ғана емес, сонымен бірге Қарулы Күштері геосаяси ауқымда елді қорғау жөнінде жауынгерлік тапсырмаларды орындайтын маӊызды стратегиялық шеп", - деп атап өтті қорғаныс ведомствосыныӊ басшысы Иманғали Тасмағамбетов.

Искерлердіӊ жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігі әскери тәртіп пен құқықтық тәртіптіӊ жай-күйіне тікелей байланысты. "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығыныӊ әскерлеріндегі осы тұстағы мәселелер бүгінгі отырыстыӊ негізгі себебі болды. Осыған байланысты, "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығы құрамалары мен бөлімдерініӊ әскери тәртібі мен құқықтық тәртібініӊ жай-күйі туралы мәселе қарауға ұсынылды.

"Ұдайы жауынгерлік әзірліктегі барлық бөлімшелер жедел ден қоюдыӊ ұжымдық күштері режімінде әрекет етуі тиіс. Бұл туралы Жоғарғы Бас Қолбасшы Қарулы Күштердіӊ басшылық құрамымен жуырдағы кездесуі барысында ерекше қадап айтты. Бұл факті басшылықтыӊ Жоғарғы Бас Қолбасшыныӊ талаптарына сай келуді ғана емес, жауынгерлік қабілеттіліктіӊ жоғары дәрежесінде болуға міндеттейді", - деп ерекше атап өтті Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.

Көшпелі алқа мәжілісініӊ маӊызды аспектісі "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығын әрі қарай жетілдіру жөнінде өзекті мәселелерді көтеру және шешу болғанын айта кету қажет. Сондай-ақ тәрбие жұмысыныӊ функционалдылығы мен пәндік жүйелендірілуін арттыру мәселелері қозғалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны