24.06.2015, 13:35 3704

ҚР Қорғаныс министрлігі үздік журналистерді марапаттады

Бүгін Астана маӊындағы 68665 әскери бөлімінде Журналистика күніне арналған салтанатты іс-шара және "Мәӊгі есімізде" республикалық шығармашылық байқауыныӊ жеӊімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді

Астана. 24 Маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Астана маӊындағы 68665 әскери бөлімінде Журналистика күніне арналған салтанатты іс-шара және "Мәӊгі есімізде" республикалық шығармашылық байқауыныӊ жеӊімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ұйымдастыру комитетіне Қазақстанныӊ түкпір-түкпірінен шамамен 70 өтінім келіп түсті. Байқауға газет, радио және телевидение, ақпараттық агенттіктердіӊ журналистері, сондай-ақ Екінші дүниежүзілік соғыстыӊ тарихы, майдангерлердіӊ, тыл еӊбекшілерініӊ соғыстан кейінгі тағдырлары, ҰОС ардагерлерініӊ қоғамдық ұйымдары, ұрыс алаӊында қаза болғандарды іздеу туралы материалдарды жариялап, басып шығаратын штаттан тыс авторлар қатысты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Жеӊімпаздар мемлекеттік және орыс тілдерінде бес номинация бойынша анықталды.

Сонымен, "Баспасөз басылымдардағы үздік жарияланым" номинациясында "Егемен Қазақстан" газетініӊ журналисі Жағыпар Жылқыбай және "Екібастұз жаршысы" газетініӊ журналисі Қанат Алдабаев жеӊімпаз атанды.

"Үздік телесюжет/телебағдарлама" номинациясында "24.kz" телеарнасыныӊ журналисі Жасын Біркенов пен "МИР" телеарнасыныӊ журналисі Татьяна Жигунова марапатталды.

"Үздік радиосюжет/радиобағдарлама" номинациясында "Қазақ радиосы" журналисі Мәдина Ишанова мен "Тенгри FM" радиосыныӊ журналисі Ирина Лелявская жеӊіп шықты.

"Интернет-басылымдардағы үздік жарияланым" номинациясында "Қазинформ" ақпараттық агенттігініӊ журналисі Мұрат Жакеев пен "Тengrinews.kz" интернет-порталыныӊ журналисі Батыр Қазыбаев атанды.

"Үздік фотоочерк/фоторепортаж" номинациясында "Казахстанская правда" газетініӊ фототілшісі Юрий Беккер.

Одан басқа, ұсынылған материалдарды қарау нәтижелері бойынша комиссия белсенді азаматтық қағидат үшін жеке аталымдарды қосымша беруге шешім қабылдады.

ҚР Қорғаныс министрініӊ арнайы дипломдарымен "Егемен Қазақстан" газетініӊ журналисі Ержұман Сымайыл, Ақтөбе облыстық әлеуметтік-саяси газетініӊ журналисі Өтеміс Икімов, "24.kz" телеарнасыныӊ "Искер.kz" бағдарламасыныӊ журналисі Дмитрий Олейников пен "Қазақстан" телеарнасыныӊ "Ақсауыт" бағдарламасыныӊ журналисі Ернұр Нұрғалиев табыс етілді.

68665 әскери бөліміндегі ресми марапаттау рәсімінен кейін журналистер соғыстан кейінгі жылдардыӊ нақышына келтірілген дәуірге енді. Тілшілерге сарбаз асханасында дастархан жайылып, ҚР ҚМ Орталық ансамблі әртістерініӊ өнері паш етілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны