18.03.2008, 15:44 4181

ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Көксарай су қоймасын салу жобасы бойынша экологиялық сараптама мен қоғамдық тыңдаулар өткізуді талап етеді

ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Көксарай су қоймасын салу жобасы бойынша экологиялық сараптама мен қоғамдық тыңдаулар өткізуді талап етеді

Астана. 18 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов Көксарай су қоймасын салу жобасы бойынша экологиялық сараптама мен қоғамдық тыңдаулар өткізуді талап етеді. Министр бүгін өткен үкіметтің отырысында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз бұл контррегулятордың экологиялық мәселелерін бұрын да қарастырып, жасанды су қоймасын құру осы өңірде қалыптасқан табиғи ортадағы тепе-теңдікті жоюы мүмкін деген тұжырымға келгенбіз, ол өзеннің режиміне, жер асты суларының, өсімдік және хайуанаттар әлемінің тіршілік ету ортасына, топырақтың батпаққа айналу мүмкіндігі арқылы көрініс береді", - деді Н. Ысқақов.

Ол сондай-ақ, аталған су қоймасы салынған жағдайда ШНОС-тың буландырғыш -тоғандары мен қорымдары да су астында қалатын аймаққа жататынын еске салды. "Оларды су қоймасы аумағынан тысқары шығару немесе су қоймасын аталған нысандар жоқ жерге орналастыру мүмкіндігін қарастыру қажет", - деді министр.

"Яғни, қоғамдық тыңдаулар өткізіп, мәселені экологиялық жағынан қарастыру қажет, өйткені, қызылордалықтар контррегулятордың пайда болуы Сырдарияның төменгі аңғарындағы түрлі каналдар мен сулы-батпақты жер-сулар орналасқан жүйені бұзуы мүмкін деп санайды", - деді Н. Ысқақов.

Ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес, "су қоймасы болмасын, зауыт болмасын, кез-келген жобаның қоршаған ортаға әсері бағалануға тиіс екенін" еске салды. "Бұл - менің жеке пікірім емес, бұл - ел заңы және оны орындау керек, ал егер қоршаған ортаға әсері жөнінде ешбір баға жоқ болса, онда не айтуға болады", -деді министр.

"Бұл жерде ШНОС-тың қорымдары бар, олай болса, оны толық рекультивациялау үшін қанша қаржы қажет екенін және жобаның қаншаға түсенін есептеп көрелік", - деді қоршаған ортаны қорғау министрі.

Бұған қоса Н. Ысқақов былтыр Арал-Сырдария бассейніндегі су балансына қатысты мәселенің Тәжікстанда мемлекет басшыларының деңгейінде қарастырылғанын еске салды. "Сол кезде Тәжікстан алғаш рет Тоқтағұл су қоймасындағы су деңгейі 12 метрге түсіп кеткенін көрсетті. Бұл қазір Тәжікстанда да, Қырғызстанда да мұздақтардың тез ери түскенін көрсетеді, ал бұл Арал-Сырдария бассейніндегі су балансын түбегейлі өзгертіп жіберуі мүмкін, сол себепті Көксарай су қоймасын салу мәселесін осы жайттарды ескере отырып қайта қарау қажет", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны