24.01.2008, 19:07 3119

ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Корея Республикасының төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Корея Республикасының төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

Астана. 24 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ким Иль-сумен кездесті, деп хабарлайды агенттік ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Министрліктің баспасөз қызметінің берген ақпараты бойынша, кездесу кезінде екі жақ өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың қажеттілігін атап өтті. Н. Ысқақов пен Ким Иль-су екі елдің табиғат қорғау ведомстовалары арасында қоршаған ортаны қорғау саласына қатысты келісімді дайындау туралы уағдаласты.

Министр сондай-ақ, Кореяның халықаралық конференцияларды үздік өткізу тәжірибесін үйренуге мүдделілік танытты.

Бұдан бұрын айтылғанындай, 2010 жылы Қазақстан қоршаған ортаны және Азиялық- Тынық мұхиты аумағын тұрақты дамыту жөнінде министрлердің алтыншы конференциясын өткізуді жоспарлап отыр.

Елші Ким Иль-су өз кезегінде ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігін баламалы қуат көздерін пайдалану мәселесінде бар күшті біріктіруге шақырды

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны