13.05.2010, 14:33 6459

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Каспий теңізінің жағалауында мұнай өндіретін барлық мұнай өндіру компанияларына кешенді тексеру жүргізбек ниетте

"Мұнай компанияларының тек экологиялық қана емес, жалпы келісім-шарттық міндеттемелерін орындау жағдайына кешенді тексеру жүргізу қажет. Өйткені, кейінгі жылдары бұл компаниялардың кірісінің көлемі мұнай бағасының төмендеуіне байланысты төмендеу ағымы байқалды, және бұл компаниялар қандайбір іс-шараны жүзеге асыруды доғарса, қайсыбірін кейінге шегеріп отыр. Сол себепті қазір біз олардың өз міндеттемелерінен қаншалықты алшақтап кеткенін анықтау үішн талдау жасауымыз қажет", - деді Е. Сәдуақасова.

Астана. 13 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Каспий теңізінің жағалауында мұнай өндіретін барлық мұнай өндіру компанияларына кешенді тексеру жүргізбек ниетте. Бұл туралы ҚР қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Елдана Сәдуақасова журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мұнай компанияларының тек экологиялық қана емес, жалпы келісім-шарттық міндеттемелерін орындау жағдайына кешенді тексеру жүргізу қажет. Өйткені, кейінгі жылдары бұл компаниялардың кірісінің көлемі мұнай бағасының төмендеуіне байланысты төмендеу ағымы байқалды, және бұл компаниялар қандайбір іс-шараны жүзеге асыруды доғарса, қайсыбірін кейінге шегеріп отыр. Сол себепті қазір біз олардың өз міндеттемелерінен қаншалықты алшақтап кеткенін анықтау үішн талдау жасауымыз қажет", - деді Е. Сәдуақасова.

Оның айтуынша, бұл тексерулер Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың тапсырмасымен құрылған Каспий теңізіндегі мұнай өндіру қауіпсіздігін тексеру жөніндегі комиссия аясында жүргізіледі. "Бұл осы комиссияның шеңберінде жасалады", - деді ол.

"Біз мұнай компаниялары осы қарқынды сақтап қалуға қаншалықты дайын екенін анықтау үшін барлық бағдарламалар бойынша міндеттемелердің орындалуын қосымша тексеретін боламыз", - деді ол.

ҚР қоршаған ортаны қорғау вице-министрінің айтуынша, атап айтсақ, ілеспе газды кәдеге жарату бағдарламасының жүзеге асырылуы тексеріледі. "Экологиялық тұрғыдан біз үшін барлық компаниялардың 2014 жылға таман ілеспе газды кәдеге жарату бағдарламасын іске асыруды аяқтауы аса маңызды. Барлық компаниялар осы бағдарламаны жүзеге асыруға қол қойған. Илдекім газ өңдеуші электр станцияларын салса, әлдекім газды кері айдайды, және сол үшін олар технологиялар мен тиісті өндірістерді әкелуге тиіс болған. Сол себепті олардың осыны орындауы жайлы есептері қажет. Үлгере ме, жоқ па, толық орындай ала ма, - осының бәрі комиссияның барысында тексеріледі", - деді Е. Сәдуақасова.

"Бірінші кезекте Каспий маңындағы компаниялар, яғни, Атырау мен Маңғыстау облысындағы компаниялар тексеріледі", - деді вице-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны