Система Orphus

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Теңізшевройлға әкімшілік айыппұл салу мүмкіндігін қарастыруда

21.04.2008, 15:33 2196

Астана. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Теңізшевройлға әкімшілік айыппұл салу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы еліміздің қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов бүгін мәжілісте өткен үкіметтік сағат барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазір келтірілген 37 млрд теңге көлеміндегі шығын көлемінде әкімшілік айыппұл салу мәселесі қарастырылуда", - деді Н. Ысқақов.

Министр " қалдықтарды алмағаны үшін "ҚазақОйлАқтөбе" - 8 млрд, ТШО - 37 млрд теңгеге айыппұл" жүктегенін еске салды.

"Заңнамаға сәйкес, табиғат қорғау прокуратурасы осы әкімшілік істі қарап, біздің органға келтірілген шығын көлемінде, яғни, былтырғы желтоқсан айында шығын көлемі 37 млрл теңгені ққраған, әкімшілік айыппұл салу нормасын қолдануға нұсқау берді", - деді Н. Ысқақов журналистерге берген сұхбатында.

"Теңізшевройл" ЖШС-ін 1993 жылдың 6 сәуірінде Қазақстан Республикасы мен АҚШ-тың "Шеврон Оверсиз" компаниясы құрған. Қазір ТШО -ға АҚШ-тың "Шеврон" (50%) және "ЭксонМобил Қазақстан" (25%), ""ҚазМұнайГаз" ҰК"АҚ - 20%, сондай-ақ, Ресей мен АҚШ бірлескен "Лукарко" БК - 5% қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны