10.07.2015, 14:20 3610

ҚР Құрлық әскерлерініӊ еӊ жоғары қабілетті байланыс бөлімі аталды

Қазақстанныӊ Құрлық әскерлерінде 2015 жылдыӊ бірінші жартыжылдығы бойынша жауынгерлік даярлықтыӊ қорытындысы шығарылды. Нәтижесінде 54380 әскери бөлімі ҚР ҚК ҚИ байланыс бөлімдері арасында үздік деп танылды

Астана. 10 Шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ Құрлық әскерлерінде 2015 жылдыӊ бірінші жартыжылдығы бойынша жауынгерлік даярлықтыӊ қорытындысы шығарылды. Нәтижесінде 54380 әскери бөлімі ҚР ҚК ҚИ байланыс бөлімдері арасында үздік деп танылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бөлім командирі полковник Нұрлан Таусаровтыӊ айтуынша оқу үдерісі мен жауынгерлік даярлықтыӊ қорытындысына оӊ нәтиже беруіне жаӊа оқу сыныбы септігін тигізді. Онда радиомамандарды тәжірибелі нұсқаушы ҚР Қарулы Күштерініӊ ардагері запастағы полковник Владимир Шихалев дайындайды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Еӊ үлгілі бөліммен қатар үздік байланыс маманы да аталды. Бұл құрметті атақты взвод сержанты - 54380 әскери бөлімі байланыс батальоныныӊ бастығы аға сержант Ғазиз Сейсембеков иеленді. "Өзініӊ күн сайынғы қажырлы еӊбегімен ол байланысшы жауынгерлердіӊ мерейін үстем етуде. Ғазиз - сенімді жолдас және қызметтестері үшін үлгі боларлықтай, жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлықтыӊ үздігі, бөлім тыныс-тіршілігініӊ белсенді мүшесі" - деді бөлім командирі.

Ұдайы жұмысты қорытындылау, үлгілі әскери қызметшілерді мадақтау және көтермелеу Құрлық әскерлері бөлімдерініӊ барлық жеке құрамыныӊ кәсіби тұрғыда өсуі үшін жақсы ынталандыру болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны