18.10.2007, 15:43 3641

ҚР мәдениет және ақпарат министрі әлеуметтік кластер құруды ұсынады

ҚР мәдениет және ақпарат министрі әлеуметтік кластер құруды ұсынады.

Астана. 18 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев әлеуметтік кластер құруды ұсынады. Министр бұл туралы ұсынысты бүгін үшінші Азаматтық форумның жалпы отырысы барысында жария етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын бір мәрте қаржыландырудан мемлекет, бейресми ұйымдар мен бизнес-сектор арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың біртұтас жүйесіне көшуге мүмкіндік беретін ерекше әлеуметтік кластер құруға назар шоғырландыруымыз қажет", - деді министр.

"Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, үкіметтік емес ұйымдар нарықтың белгілі бір салаларында денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет, өзін-өзі басқару, қоршаған ортаны қорғау салаларында әлеуметтік қызмет көрсетуде басқа да ұйымдармен табысты бәсекелесе алатындығын паш етіп отыр", - деді Е. Ертісбаев.

"Бұл салаға мемлекеттік тапсырыс беру артықша тиімді, өйткені, баға мен сапа мәселелері бойынша оптималды арақатынасқа қол жеткізуге, сондай-ақ,кәсіби білікті мамандарды тартуға, мұқтаж адамдарға атаулы көмек көрсетуге қол жеткізуге мүмкіндік береді", -деді ол.

"Біз бизнес-құрылымдардың көкейкесті әлеуметтік жобаларды атаулы қолдауды қарастыратын жаңаша корпоративтік санасын қалыптастыруға тиіспіз ", - деп санайды Е. Ертісбаев. Ол үшін оның пікірінше, "үкіметтік емес ұйымдардың халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі жобаларын қаржыландыруды өз міндетіне алатын меценаттар клубын құруға болар еді".

Сонымен бірге министр "барлық өңірлерде азаматтық бастамаларды дамыту жөніндегі арнаулы орталықтарды құру мәселесін дәйектеуге болады, оларда жергілікті үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істей алар еді",- деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны