17.07.2007, 16:17 2725

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Астанада жаңа әрі аспанмен тілдескен телемұнара салу мәселесін дәйектеуде

АСТАНА. 17 шілде. Kazakhstan Today. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Астанада жаңа әрі аспанмен тілдескен биік телемұнара салу мәселесін дәйектеуде. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен отырыста ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Ержан Бабақұмаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Елімізде эфирмен хабар тарату жүйесін жақсарту үшін Елордасында жаңа, заманауи әрі биіктігі жағынан көкпен тілдескен телемұнара салу жайы қарастырылып жатыр", - деді Е. Бабақұмаров.

Вице-министрдің пікірінше, болашақ телемұнара "маңызды телекоммуникациялық нысанға айналып қана қоймай, сонымен бірге Қазақстанның технологиялық тұрғыда жоғары деңгейде дамыған елдердің санатына қосылуға ниет білдірген биік мұратын паш ететін қуатты имидждік жобаға айналмақ".

Оның хабарлауынша, жобаның алдын-ала құны $2 млрд болмақ, ол темір мен бетоннан салынады деп межеленген. "Сарапшылардың бағалауынша, жеткілікті қаржы бөлінген жағдайда бұл жоба екі жылда жүзеге асады", - деді вице-министр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны