03.12.2008, 09:56 1494

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде жаңа тағайындаулар жасалды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде жаңа тағайындаулар жасалды

Астана. 3 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде жаңа тағайындаулар жасалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып Бағлан Майлыбаев, ал ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы болып Бауыржан Айтқазин тағайындалды.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, бұрынғы ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Дархан Мыңбай ҚР президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған.

Бағлан Майлыбаев 1975 жылы Жамбыл облысында туған. Ил-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Ресей Федерациясы президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясының саясаттану және саяси басқару кафедрасының аспирантурасын бітірген. Заң ғылымдарының докторы, саясаттаану ғылымдарының кандидаты.

1998-2002 жылдары - ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының аға ғылыми қызметкері, Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар университетінің оқытушысы.

2002 жылғы ақпан-мамыр аралығында - Мәдениет және ақпарат министрлігі БАҚ департаментінің директоры. 2002 жылғы мамырдан 2003 жылғы қыркүйекке дейін "Казахстанская правда" республикалық газетінің президенті, 2003 жылғы қыркүйектен 2004 жылғы желтоқсанға дейін - "Заң" акционерлік компаниясының президенті. 2004 жылғы желтоқсаннан - ҚР Президенті баспасөз қызметінің басшысы, 2008 жылғы қазаннан - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны