28.01.2016, 16:23 4207

ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша "САҚ" киностудиясы "Қазақ елі" атты толықметрлі анимациялық фильмін жасады.

Фильмдегі оқиға желісі Керей мен Жәнібектіӊ бала кездерінен бастап есейіп, ер жетіп, ел басқарып, Қазақ хандығын құрғанға дейінгі аралықты қамтиды. Фильмніӊ мақсаты балалардыӊ өз тарихын түсінуіне, Керей мен Жәнібектей батырлардыӊ қазақ хандығын қалай құрғанын біліп, соларға еліктеуге, өз елініӊ патриоты болып өсулеріне жол ашу болып табылады.

Астана. 28 қаӊтар. Kazakhstan Today - Фильмдегі оқиға желісі Керей мен Жәнібектіӊ бала кездерінен бастап есейіп, ер жетіп, ел басқарып, Қазақ хандығын құрғанға дейінгі аралықты қамтиды. Фильмніӊ мақсаты балалардыӊ өз тарихын түсінуіне, Керей мен Жәнібектей батырлардыӊ қазақ хандығын қалай құрғанын біліп, соларға еліктеуге, өз елініӊ патриоты болып өсулеріне жол ашу болып табылады. Балаларға өмірде жақсылықпен қатар жамандықтыӊ да қатар жүретінін АҚ пен ҚАРА күресі арқылы көрсету де шынайы әрі қызықты суреттеледі. Фильмніӊ қазіргі заман балалары арқылы тарих қойнауына өтуі де ұрпақтар сабақтастығыныӊ үндестігі болып табылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Фильм желісінде Жәнібек пен Керейдіӊ ұстазы болған Қарт батырдыӊ оларға садақ ату, қылыштасу, атпен шабу, сол секілді жауынгерлік өнердіӊ түрлі тәсілдерін үйретуі кеӊінен көрсетіледі. Кейін ел басқаруда білімніӊ де маӊызы зор екенін ұстазынан ұғынған Керей мен Жәнібектіӊ Отырар қаласына аттануы, Отырар кітапханасын аралап, ғұлама ұстаздардан түрлі дәрістер алып, елге оралғанда түрлі ерліктерімен көзге түсе бастауы да қамтылған.

Балалардыӊ қызығушылығын арттыру мақсатында фильмде Керей мен Жәнібектіӊ бала кездерінде бастарынан өткен қызықты оқиғалары көрсетіледі. Олардыӊ тай үйретеміз деп жүріп, қалай қарақшыларға тап болғандары, Қарт батырдыӊ көмегімен қарақшыларды жеӊіп шығуы балаларға бір жағынан абай болуды меӊзесе, екінші жағынан езу тартар болары сөзсіз. Осы эпизодқа арнайы жазылған "Қарақшылар" әнін Нұрлан Абдуллин, Сәкен Майғазиев (Муз-Арт тобы) сынды кәсіби әншілер мен қатар Берік Тұрсынбековтей ("Шымкент-шоу" театры) Ғ.Мүсірепов атындағы жастар театры актерлері дубляж жасауға атсалысты.

Фильм барысында қазақ жерініӊ әсем табиғаты, сол замандағы Жібек Жолы бойында орналасқан Сауран, Отырар, Сығанақ сияқты ірі қалалар, зәулім хан сарайлары көрсетіледі. Сонымен бірге, кішкентай көрермендеріміз елордамыз Астананыӊ бүгінгі көз сүйсіндірер көркін де тамашалай алады. Фильм көркем туынды болғандықтан тарихи фактілерге сүйене отырып балаларға түсінікті тілде жеӊіл әрі қызықты оқиғалар арқылы қамтылып көрсетіледі.

Фильмніӊ тарихи кеӊесшісі - тарих ғалымдарыныӊ докторы, профессор - Жамбыл Артықбай (Тарих ғылымдарыныӊ докторы, профессор). Фильмніӊ әдеби кеӊесші - Дулат Исабеков, режиссері - Батырхан Дәуренбеков, сценаристі - Сағаділдә Үсіпбәлиев, Бақытжан Құлжабай, композиторы - Руслан Шынықұлов, қоюшы суретшісі - Азамат Ерназаров, фильмніӊ директоры ? Нуриддин Паттеев, бас продюссері ? Сәбит Ибдіқалықов.

Франция елінде жақында өткен Канн кинофестивалінде "Қазақ елі" анимациялық фильмініӊ жарнамалық ролигі (трейлері) көрсетіліп, АҚШ, Германия, Ресей және Біріккен Араб Исірліктері қызығушылығына бөленді. Фильм наурыз айында осы мемлекеттерде кинотеатрларға шығады деп жоспарлануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны