31.05.2017, 16:18 7653

ҚР мемлекеттік хатшысы Қызылорда облысындағы "Қорқыт ата" мемориалдық кешенінде және "Жыраулар үйінде" болды

"Қорқыт Ата" атындағы мемориалдық кешен мен "Байқоӊыр" ғарыш айлағы Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесі аясында туристер келетін нысандардыӊ тізіміне енген. Мәртебелі меймандар кешенніӊ зиярат ету орталығы мен мұражайын аралап көрді.

Қызылорда. 31 мамыр. Kazakhstan Today - 30 мамырда Қызылордаға Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықова және Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасыныӊ орынбасары Дархан Мыӊбай бастаған делегация келді. Делегаттар Бірінші Арал халықаралық форумына қатысып, "Қорқыт Ата" мемориалдық кешенінде және Жосалы кентіндегі "Жыраулар" үйінде, Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінде болып, шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

"Қорқыт Ата" атындағы мемориалдық кешен мен "Байқоӊыр" ғарыш айлағы Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесі аясында туристер келетін нысандардыӊ тізіміне енген. Мәртебелі меймандар кешенніӊ зиярат ету орталығы мен мұражайын аралап көрді.

Қармақшы - әйгілі жыршы, жырауларымен даӊқы шыққан аудан. Гүлшара Ибдіқалықова мен Дархан Мыӊбай аймақтағы дәстүрлі өнер тарихымен танысып, жас жыраулардыӊ өнерін тамашалады. Содан соӊ құрметті қонақтар алдында атақты жыраулар - Бидас Рүстембеков пен Алмас Алматов өнер керсетті. ҚР Мемлекеттік хатшысы жергілікті өнерпаздардыӊ өнерін жоғары бағалады.

Сондай-ақ, шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуде Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласы және ұлттық мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері кеӊінен талқыланды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны