11.04.2018, 16:28 3670

ҚР Мемлекеттік орталық музейінде "Жер шары: қандай ғажап бұл әлем!" атты жеке көрме өткізіледі

Көрмеге 150-ден аса фотосуреттер ұсынылған. Көрме 2018 жылдыӊ 9 мамырына дейін жалғасады

Астана. 11 сәуір. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 12 сәуір күні сағат 16.00-де ҚР Мемлекеттік орталық музейінде фотосуретші, саяхатшы Нұртаев Таймас Қуанышұлыныӊ "Жер шары: қандай ғажап бұл әлем!" атты жеке көрмесі өткізіледі.

Фотосурет өнері Таймас Нұртаевтыӊ өмірінде ерекше орын алады. ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде өтетін аталмыш көрме алматылықтарды әлемніӊ әсемділігін паш ететін әдемі де әсерлі фотосуреттерімен таныстырмақ.

Таймас Нұртаев Бішкек қаласыныӊ тумасы, мамандығы құрылысшы, ал, 60-жылдардан бері Алматы қаласында тұрып келеді. Фотоөнерге деген қызығушылығы мен сүйіспеншілгі оныӊ екінші мамандығына айналған. Оныӊ алғашқы фотокамерасы кеӊестік "Зенит" фотоаппараты болса, кейіннен ол оны кәсіби камераға алмастырған.

Автор 2006 жылы алғаш рет Хан-Тәӊірі тау шатқалына барғанында, Қазақстанныӊ әсем табиғатына тәнті болып, сол кезден-ақ фотосурет өнеріне деген алғашқы қадамдарын бастап кеткен. Таймас Нұртаевтыӊ тек Қазақстан бойынша ғана емес, сондай-ақ алыс-жақын шетел саяхаттары оныӊ тыӊ туындыларыныӊ пайда болуына шабыт берді.

Таймас Нұртаев әлемніӊ көптеген елдерінде болған. Атап айтсақ, Ресей, Біріккен Араб Имірлігі, Непал және т.б. Фотосуретші үшін бұл кездер ұмытылмас сәттер еді. Фотосуретшініӊ туындыларынан Жер бетіндегі еӊ ірі шөл дала - Сахараны, әдемі аралдардыӊ бірі - Гренландияны, тарихи Италия мен "мұзды ел" Исландияныӊ әсерлі жерлерін көруге болады. Ал оныӊ Қытай елінде түсірген суреттерінен Ұлттық Цзючжайгоу паркіндегі жасыл-сары Ли өзені, Хуанлунгтыӊ көгілдір көлі, "ұшқыш" таулар Аватарды ерекше атап өтуге болады.

2017 жылы Т. Нұртаев солтүстік алқаптағы Шпицберген аралы аумағын аралап, оныӊ табиғаты мен жануарлар әлемін суретке тартқан. Исіресе, ақ аюлар, итбалықтар, морждар мен киттердіӊ фотосуреттері ерекше. Сол жылы Таймас Қуанышұлы Норвегиядағы Лофотен аралыныӊ табиғатын да түсірген. Сонымен қатар, Аргентина мен Бразилия табиғатын, Жердіӊ оӊтүстік аймағы - Чилидегі Гаучо салт аттыларын, Торес Ұлттық саябағын, Грей көлі мен Пайн жерін фотоға түсіру арқылы олардыӊ ерекшеліктерін көрсете алған. Ал Кенияда болғанында дүниежүзіне белгілі Масаи Мара Ұлттық қорығына барып Африканыӊ жан-жануарлар әлемін суретке тартқан - пілдер, жолбарыстар, барыстар, керіктер, бегемоттар, қолтырауындар мен зебраларды және Накура көлінен әдемі күлгін қоқиқаздарды түсірген.

Фотосурет шебері жылдар бойы әлемніӊ еӊ әдемі жерлері мен алыс шалғайларын аралаған: ұшақпен Камчатканы; атақты Коряк, Авачин, Козел жанартауларын; Тынық мұхитындағы Қорым және Авачин шығанағын; Соловец аралдарын; Кижи және т.б. Біріккен Араб Имірлігінде әуе шарынан Аравия шөліндегі таӊсәрі суреттерін де түсіріп алған. Жаяу жүріп Гималайды (Непал) сонымен қатар, дельтапланнан Дхаулагири (8167 м), Анапурну (8091 м) және Фева көлі мен табиғаттыӊ басқа да тамаша жерлерін фотоға түсірген.

Көрменіӊ ерекше бөлігін еліміздіӊ көрікті жерлерінен жиналған "Қазақстан табиғатыныӊ маржандары" атты фотожұмыстары құрайды. Онда автор, туған өлкесі мен Іле Алатауыныӊ әсем жерлерін, Алматы мен Алматы облысы аумағын, Көлсай, Хан-Тәӊірі, Шарын көлі мен Шарын шатқалы, "Алтынемел" Ұлттық қорығы, "Баянауыл" Ұлттық саябағы, Жасыбай, Марқакөл, Бурабай, Зайсан, Қара-Су, Қара-Көл, Қайыӊды, Үлкен Алматы өзені, Бұқтырма суқоймасы, Каспий теӊізі, Киин-Керіш таулары, Ақ-Тау, Шакелмес, Айғайқұм, Маӊғышлақ, Үстірт шатқалы, Шақпақ пай Сай шатқалы, Үшқоӊыр жайлауы, Ақкергешін, Ақтолағай қырқасы және т.б. түсірген фотожұмыстарын ұсынады.

Көрмеге 150-ден аса фотосуреттер ұсынылған.

Көрме 2018 жылдыӊ 9 мамырына дейін жалғасады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны