04.09.2012, 14:19 3528

ҚР онкодиспансерлерінде 19 химиялық терапия кабинеттері ашылады

Өңірлік онкодиспансерлерде 19 амбулаториялық химиялық терапия кабинеттері ашылады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі Pm.kz сайтына.

Астана. 4-қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР онкодиспансерлерінде 19 химиялық терапия кабинеттері ашылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Өңірлік онкодиспансерлерде 19 амбулаториялық химиялық терапия кабинеттері ашылады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі Pm.kz сайтына.

"Үстіміздегі жылы өңірлік онкодиспансерлерде 19 амбулаториялық химиялық терапия кабинеттері ашылады", - делінген ведомство хабарларында.

Шығыс Қазақстан облысында қуық безі қатерлі ісігіне скрининг, колоректалды қатерлі ісігіне гемокульт-тест жасау жөніндегі ілкі жобалар енгізілуде. Өңірлер онкологиялық науқастарды стационарлық деңгейде емдеу үшін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуде.

Сондай-ақ медқызметкерлердің, онколог-дәрігерлердің біліктілігін көтеру және Қазақ ұлттық онкология және радиология институтын медқондырғылармен жабдықтау жұмыстары да жүргізілуде.

Аталған шаралар ҚР-да Онкологиялық жәрдемді дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарына қарағанда 2013-2015 жылдары бағдарламаны жүзеге асыру үшін жалпы 103,5 млрд теңге бөлінсе, 2013 жылға оның 29,3 млрд теңгесі тиесілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны